- Негізгі бет
- Психология
- Бақытты болу жолдары...
Бақытты болу жолдары
Өміріңізде бір нәрсені өзгерту керек екенін түсінетін кез болады. Сол кезде қазіргі жағдайдан да мүшкіл болса не істеймін деген ішкі үрей басталады. Көп жағдайда нақты әрі материалды затты бағалап, асығып жүріп, нені дұрыс немесе нені бұрыс жасап жатқанымызды білмей қаламыз. Үлгердіңіз дейік, алайда бақыттысыз ба?
Табысты әрі бақытты болуға кедергі болатын екі негізгі себеп: асығу және шынайы табиғатыңызды танымау. Егер бақытты болуды ұмытып қалсаңыз, не істеу керек?
Позитивті ой
Асығушылық біздің басымыздан басту алады. Біріктірілген ой, сөз және іс-әрекет нақты нәтижеге бір қадам жақындатады. Мысалы: тыныштық, жұмсақтық, татулық, бақыт және т.б. Бұл түсініктерге толықтай қарама-қарсылық болуы мүмкін. Сондықтан позитивті ойлап үйрену керек. Ісіңіз ойыңыздың тікелей нәтижесі екенін ұмытпаңыз.
Жақсылық жасаудан қорықпаңыз
Егер жақсылық ойласаңыз немесе істесеңіз, орнына жақсылық аласыз. Егер адам өзінің ішкі дүниесінің пайдасына таңдау жасап, әрбір ісін жақсылыққа бағыттаса, оның жолына қызықты адамдар мен пайдалы ақпараттар кездесе бастайды. Сізге бүкіл әлем көмектесіп жатқандай көрінеді.
Қазіргі уақытта өмір сүріңіз
Қазіргі кезге қуануды үйреніңіз. «Мен осыншалықты ақша тапқанда бақытты боламын!» немесе «Мен Францияға барсам, бақытты боламын!» деген секілді болашақ туралы ғана ойламаңыз. Бақыт деген нәтиже емес, процесс екенін ұмытпаңыз. Бүгін кешке құрбыңызға қонаққа барасыз ба? Күніңіз жеңіл әрі тыныш өтті ме? Ендеше, қуаныңыз! Себебі, осының барлығы өте жағымды ұсақ-түйектер.
Қоқыстан құтылыңыз
Келген ақпаратты сүзгіден өткізіңіз. Өміріңізге негатив әкелетін адамдармен қарым-қатынасыңызды үзіңіз. Өзіңізге сирек ұрсыңыз. Сізді жақсы энергиямен қуаттайтын адамдармен араласып, өзіңізге шынымен де ұнайтын іспен айналысыңыз.
Арманыңызды ертеңге қалдырмаңыз
Барлығымызға қуаныш үлесі қажет, ал қуанышты әрқашан тек материалдық заттар әкелмейді. Сондықтан, армандаудан және оған қарай бағытталудан қорықпаңыз. Оның материалдық пайдасы қаншалықты екені маңызды емес, бастысы сізге қанша қуаныш әкелуінде екенін ұмытпаңыз.
Тәлімгер табыңыз
Тәлімгер — сізді жігерлендіретін және шабыттандыратын адам. Ол сізге әрқашан кеңес беретін психолог, жаттықтырушы немесе құрбыңыз болуы мүмкін.
Йогамен немесе медитациямен шұғылданыңыз
Батыс және шығыс адамдарының мәдениеті мен тәрбиесінің айырмашылығына қарамастан, барлық адамдар бақытты болуға бағытталады. Шығыс тәжірибесі өзіңізді тыңдауға және қалауыңызды түсінуге көмектеседі. Олардың көмегімен ішкі теңгерімге жетіп, сіз үшін бақыт деген не екенін ұғасыз. Себебі, бақыттың әр адамға әртүрлі мағынасы бар.
А. Жапатова