- Негізгі бет
- Психология
- Бақытты адамның қандай...
Бақытты адамның қандай қасиеттері бар?
Бақыт – мінездің ерекше сипаты. Біреулер мінезіне сай оны мәңгілік күтсе, екіншілері әрдайым іздеумен жүреді. Ал үшіншілері қайда жүрсе де, бақыттың құшағында болады.
Эльчин Сафарли
1. Олар қайта қалпына келу қасиетіне ие
Психолог мамандардың айтуынша, күйзеліс сөзінің антонимі бақыт емес, қайта қалпына келу. Бақытты адамдардар сүрінген сәтте қайта тұруды біледі. Бұл адамның өмірінде болатын келеңсіз сәттерге қарсы қолдануға болатын қару секілді. Осыған байланысты жапондықтарда «Жеті рет құлағанда, сегіз рет тұр» деген мақал бар.
2. Олар кішкентай ляззатты бағалайды
Саябақта отырып балмұздақ жеген кезде, Менің атым Қожа фильміндегідей кемпірқосақты көргеннің өзінде қуанады. Бақытты адамдар аса маңызы жоқ әрекеттерді де бағалайды.
3. Олар уақытының бір бөлігін өзгелерге арнайды
Позитивті адамдар уақытының бір бөлігін игі істер жасауға арнап, оның әйтеуір бір жақсылық болып қайтатынына сенеді. Волонтерлік жұмыстар, ешбір мақсатсыз қамқорлық таныту тек рухани байытып қана қоймай, физикалық денсаулықты да жақсартады. Және мұндай адамдар күйзеліске сирек тап болады.
4. Жеңіл-желпі сөзден, терең оймен айтылатын әңгімені ұнатады
Әрине, қарапайым бірнеше сөзбен алмасқанда тұрған еш нәрсе жоқ, алайда өмірлік маңызы бар тақырыптарды талдау үлкен тәжірибе сыйлайды.
5. Олар ақшасын өзгелерге құртады
Ақша бақытты бір жағдайда ғана сатып ала алады. Ол өзіне емес, өзгелерге жұмсаған жағдайда ғана.
6. Олар тыңдай біледі
Сіз тыңдап отырған кезде жаңа білімнің қайнар көзін ашасыз. Тыңдау арқылы адамдарды сыйлайсыз. Ал олар өз кезегінде сіздің бұл қасиетіңізді барынша бағалайды. Тыңдай білу – қарым-қатынасты жақсартатын оңтайлы тәсіл.
7. Олар әрдайым байланыста болады
Байланыс дегенде бірден әлеуметтік желілер туралы ойлаған боларсыз. Бірақ бақытты адамдар достармен, жүрегіне жақын адамдармен бетпе-бет жүздесуді жөн көреді.
8. Олар әр нәрсенің тек жақсы жақтарын ғана байқайды
Оптимистік қасиет денсаулыққа өте пайдалы. Күйзеліс аз, ал жүрек аман-сау. Әр нәрсенің жақсы тұстарын ғана байқау арқылы мықты денсаулық пен бақытқа қол жеткізуге болады.
9. Олар өзін жақсы адамдармен қоршайды
Қуаныш жұқпалы ауру секілді. Зерттеу нәтижесі бойынша, өзін жақсы адамдармен қоршаған адам, әрдайым күліп, қуанып жүреді екен.
10. Олар күлімсірейді
Жабырқаған сәтте өмірде болған қуанышты сәттер туралы ойлап, жымиыңыз. Бірақ мұны жасандылық танытумен шатастырып алмаңыз. Ішіңізден жаман нәрсе ойлап, сырттай қуану арқылы өзіңізге тек жамандық жасайсыз. Күлкі миымыздағы бақыт сыйлайтын гармондарды іске қосады.
11. Олар жақсы әуенді бағалайды
Музыкада қуат бар. Зерттеу барысында адамдарға суреттегі бейнелердің бақытты немесе бақытсыз екенін табуға тапсырма берілген екен. Көп жағдайда олардың берген жауаптары сол сәтте қосылып тұрған әуенмен байланысты болған. Бұл жайлылық сыйлайтын әуендерді көбірек тыңдау керек деген сөз.
12. Олар физикалық жаттығулармен айналысады
Физикалық жаттығулар адамға эндорфин сыйлайды. Ал эндорфин адамды бақытты етеді. Күнделікті жаттығулар мидағы химиялық реакциялардың арқасында күйзеліс белгілерін төмендетеді. Мұнымен қатар жаттығулар тәнімізді сүйіп, оны барынша күтіп ұстауға мүмкіндік береді.
13. Олар жанының сау болғанын қалайды
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым... 2009 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, болашақта атқаруы тиіс міндетінің бар екенін білген балалар қатарластарына қарағанда өзін бақытты сезінетіндігі анықталған екен. Сондықтан бақытты адамдар әрбір ісін ойланып жүзеге асырады. Осылайша шегі жоқ жарыстан бір сәтке болсын демалады.
Ал сіз бақытты адамның бұдан өзге қандай қасиеттерін білесіз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай