Бақыт сөзін күнде естіп жүрсек те, оны сезіну мүмкіндігі көпке бұйыра бермейді. Осыған байланысты психолог мамандар мен түрлі сауалнама жүргізген ғалымдар пікір білдірген екен. Ол пікірлердің жалпы мазмұнын сіздерге ұсынамыз.
Бақытты адам дегеніміз кім? Өзінің бірегейлігі мен санының аздығы үшін Қызыл кітапқа енген тірі жан ба? Кім болса да, киімнің бүтіндігі мен қарнының тоқтығы оған бақыт туралы ойлауға мүмкіндік бермейтін сияқты...
Еш нәрсенің қажеттілігі қалмаған кезде өзінің жанына терең үңіледі. Бәрі бар сияқты, бірақ бір нәрсе жетіспейді. Индивид табысқа да жетті, бірақ жүрегінің түбінде жайлылықты сезінбейді. Осылайша жылап, күйзеліске тап болады.
Бақытты болу дегеніміз – адамның өзімен және табиғатпен үйлесіммен өмір сүріп, өзгелерді де, өзін де сол қалпында қабылдау. Айналасындағыларға пайдасы тиетін, қызықты іспен айналысу.
Талдап көрейік. Егер дәл қазір басқа адамдарды жек көріп, әлемге ренжіп жүрген болсаңыз, сіз әлі бақыттың дәмін татып көрмедіңіз. Бақыт адамның жан дүниесінде. Оны сезіну үшін сізде барлық мүмкіндік бар. Абай атамыз өз шығармаларында «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөздерді бекер айтпаса керек...
Бақытты адам тек өз ережелерімен өмір сүреді:
- Оны өсек сөз қызықтырмайды, өзгенің сыңаржақ пікіріне назар аудармайды;
- Оның стақаны толы, барлық адамның тек жақсы жағын ғана көреді;
- Барлығымен тіл табысып, достасып кетеді;
- Осы сәтпен өмір сүреді, жаратқанға әрдайым алғыс айтады;
- Қиындықтардың алдында бас имейді.
Мен бақытты адаммын!
Сонымен нәтижесін жүргіземіз бе? Сырттай солай көріну емес, расымен де, бақытты болу. Ешбір жасандылықсыз өмір сүру үлкен істі талап етеді. Өмірдің әрбір тағатын бағалау, кішігірім жеңістерге қуану, қиындықтан қашпау, сүйікті іспен айналысу, отбасылы болу, өзіңді өзге үшін арнау, процесстің нәтижесінен емес, барысынан ляззат алу. Міне, нағыз бақыт деген осы.
Ал сіз бақытты адам қандай болады деп ойлайсыз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz