- Негізгі бет
- Психология
- Бақытсыз адамдардың әдеттері...
Бақытсыз адамдардың әдеттері
Өмірдің бар тәттісін алып, бақытты болғыңыз келеді, бірақ ылғи жолыңызда қиындықтар туындайды ма? Мүмкін мәселе сізде болар? Бақытсыз адамның әдеттерімен танысып, өз бойыңыздағы ондай қасиеттерден арылыңыз.
Олар сәттілікке сенбейді. Қандай да бір істің сәтті болуы көбіне өзімізге байланысты. Шаруаның соңын жақсыға жорысаңыз, өзіңізді соған қарай итермелейсіз. Нәтижесінде бәрі ойдағыдай шығады. Ал өз күшіңізге сенбей, қорқып, бұл іске тіпті кіріспеуге сылтаулар іздесеңіз, істің сәтті аяқталуы екіталай болмақ.
Жауапкершілік артқысы келмейді. Олар өз бақытсыздығына ата-анасын, достарын, жарын, бастығын, әріптестерін, тіпті ел үкіметін айыптайды. Шын мәнінде олар өз істеріне жауапкершілігін алудан қорқады. Өз істеріне өздері ғана жауапты жандар болашақта келетін әр сәттілік пен сәтсіздікті өткере алатынын есте сақтап жүріңіз.
Тілдері ащы. Олардың ең көп айтатын сөздерінің арасында - "сұмдық", "масқара", "менің шаруам емес", "жынды" сынды дөрекі сөздер бар. Осы сөздерді лексиконыңыздан алып тастаңыз, өмірдің жеңілдеп қалғанын бірден сезесіз.
Жеңіліп үйренген. Сәтсіз адамдар жеңіліп үйренген, сол себепті мақсаттарына жете алмайды, жоспарларын жиі ауыстырады, армандары тұрақсыз. Сәтті кісілер керісінше - тұрақты және қайсар.
Лоторея ұтыстарын қалдырмайды. Олар бір сәтте-ақ бай, танымал болғанды қалайды. Бұл үшін уақыт пен күш құртқысы келмейді.
Біреудің мақтауын күтеді. Сәтті адамдар өз армандарын, мақсаттарын орындауда сәттілікке жетеді. Ал жолы болмайтындар біреудің жақсы сөзін, мақтау, мадақтауын күтеді.
Өмірінің басты мақсаттарын, мәнін ұғынбайды. Әрине, бұл екінің бірінде бар қасиет емес. Көбіміз бұл өмірден не қалайтынымызды, оның мәнін терең түсіне бермейміз. Бірақ өзіңіздің неге, қайда ұмтылғаныңызды нақты біліп жүрсеңіз, істеріңіз де орындала бастайды.
Осындай қасиеттер бойыңызда бар ма? Бар болған жағдайда, олардан арылайық!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: yourtobelist.com
С. А