Ерте ме, кеш пе ойлағанымыздың жүзеге асатыны рас. Мұны ғылым дәлелдеп үлгермесе де, әрқайсымыз ойымыздың өмірімізге әсер еткенін байқаған болармыз. Таңертеңгі көңіл күйіңіз күніңіздің қалай өтетіндігіне әсер етеді. Мұнымен қатар, жағымсыз ойлар мен стереотиптерден арылған жөн. Өзіңізге бақытты болу үшін қандай ойлардың кедергі болып жүргенін анықтаған соң іске кірісіңіз.
♦ Күнде шаршап, шалдығып жұмыс істемегенімде бақытты болар едім. Әрине, жұмыстың адамды шаршататынына ешкімнің таласы жоқ. Кейде барлығына қолды бір сілтеп, кетіп қалғымыз келеді. Алайда мұндай өмір біреуді бақытты ете ала ма? Ерте ме, кеш пе жұмыстың жоқтығы зеріктіріп, күйзеліске шалдықтырады. Сол себепті, бұл ойды шетке ысырыңыз, немесе жұмысты хоббиіңізбен алмастырыңыз.
♦ Үйім, көлігім, ақшам болғанда, бақытты болар едім. Байлық пен жайлылықта тұрған еш нәрсе жоқ. Материалдық құндылықтардың рухани құндылықтарды алмастыра алмайтынын біліңіз.
♦ Барлығы көңілімнен шыққандықтан, еш нәрсені өзгерткім келмейді. Әрине, өз әлеміңізге еніп, барлығының ойыңыздан шығатындығына әбден сенуіңізге болады. Бірақ, өмір деген – талпыныс пен күрес, алға ұмтылу емес пе? Әрдайым өзгерістерге дайын болу керек. Бір орында тұру кері бағытта жылжумен бірдей.
♥ Өмірге өз таңбаңызды қалдыру үшін келгеніңізді ұмытпаңыз! Іске сәт, оқырман!
Сурет: rumbur.ru