- Негізгі бет
- Психология
- Бақытқа апарар жол...
Бақытқа апарар жол
Адам баласы бақытты болуы үшін қолдан келгенін аямайды. Ақшамен бар мәселесін шешеміз деп, адам жанын жаралайтын жаман істерге де барады. Өз бақытын өзгеден іздеуі де мүмкін. Есіңізде болсын: адам өз бақытын өзі жасайды және бақытты болу үшін әрекет жасайды. Адамның бақытына тек кездескен адам ғана әсер етеді. Ал бақытқа апарар жол — адамдарға деген жақсы көзқарасыңыз бен сеніміңіз ғана. Сондықтан бақыттың кілті өз жүрегіңізде.
Бақытқа апарар жолды іздейтін боларсыз. Ендеше төмендегі кеңеске құлақ түріңіз:
• Өзгенің мінін көргенше, өз мініңізбен күресіңіз.
• Адамдарға сыйлы болыңыз, бірінші болып саулық сұраңыз.
• Жақын жандарыңызға сыйлық беруді ұмытпаңыз.
• Ішкі жан дүниеңізге көбірек көңіл бөліңіз. Сырты бүтін іші түтін дүниеден аулақ болыңыз.
• Бар қиындығыңызды айтып шағымдана бермеңіз. Тыңдайтыны — тек ата-анаңыз. Ұғынып түсінетіні — жүрегіңіз.
• Таң шуағы атқаннан бастап, қолыңызды жоғары көтеріп, үш рет "Мен Сұлумын!" деп нық сеніммен айтқаныңыз жөн. Тек шын жүрегіңізбен сеніммен айтыңыз.
• Әрдайым күліп жүріңіз.
• Жолым болмады деген сөзді адамдардың көзінше айтушы болмаңыз.
• Ең басты байлық — ол сіздің денсаулығыңыз. Осыны ұмытпаңыз.
• Бақыт-та уақытша болуы мүмкін, бастысы жаныңыз ауырмасын.
Дереккөз: anabol.kz
Н. Үсенова