Бақыт қол созым жерде

Бақыт қол созым жерде
Фото: pixabay.com

Өмірге өкпелеме

Бақытты адамдардың жеткені көп болуы екіталай. Керісінше олардың тұрмысқа, қиыншылыққа деген көзқарасы өзгеше. Олар ешқашан «Неге?» дегенді емес, «Не үшін?» дегенді сұрайды. «Өмір неге әділетсіз?» деген мәселеге жабысып алмайды, қайта, оны шешуге талпынады.

Түпсіз «тәттіден» қашу

Бақытта адамдар қашанда өзін рахатқа бөлеген тұрмыс ортасынан қол үзеді. Бақыт кейде рахатты өмірден алыстағанда ғана сізге жақындайды, өзгеруге талпынбайтын адам табиғи түрде көп тәжірибеден құр қалады.

Достықты сезіну

«Досы көпті жау алмайды» деген. Бірақ, көп дос – көп шуылдақ бақыт сезімін сыйлауы екіталай. Нағыз, шынайы достық сізге күш-қуат береді. Достық сезім сыйлаған орнықтылық пен ортақ рух адамға сенім бағыштайды.

Қызметте құлшыну

Мақсатты, арнайы белгілі қимылмен шұғылданғанда адам денесіндегі бір түрлі ерекше гормонның бөлініп шығуы тездеп, адам көңілді күйде болады екен. Қызмет адам бойындағы жасырын қуатты ашады, өзінің басқаларға қажет екенін және жауапкершілігін сезіндіріп, көңілін жай таптырады.

Жағымсыз хабардан аулақ жүру

Апат, кісі өлімі сияқты жағымсыз хабарлар мен киноларды көп көрмеңіз. Әлемде ол дүниелерден басқа да көркемдік, сұлулық жеткілікті. Үміткер күй сізді бақытқа жетелейді.

Өмірдің мұраты

Бақытты адамдар қашанда өздеріне үздіксіз нысана белгілеп отырады. Адамдар қысқа мерзімдік жоспарға баса назар аударады да, ұзақ болашақтық нысананы ұмыт қалдырып кетеді. Күнделік жазыңыз, өзіңізге есеп беріңіз.

Тұрмыс

Ең кемінде бір ырғақты орнықты ұстаңыз. Мысалы, идея немесе күнделікті тұрмыс пен уақыт. Олар адамға сенім, қанағат, шаттық сыйлайды.

Уақытты қадірле

Толық адам еш уақытты өзін уақытқа жетелетіп жүргендей күй кешпейді. Тіпті, уақыт туралы дұрыс көзқарас пен оған ден қою адам тәнінің ауруға қарсылық қуатын арттырады.

Алғыс айта біл

Өкпешіл, қырсық болма. Ондай адамның бар зейіні өмірге болған наразылыққа ғана шоғырланып, басқа әлемнен ләззәт алу бақытынан жұрдай болады.

M. Auelkhan