Бақыт және азап: су мен құм сияқты

Ғұлама білімдардың алдына жүгінген жас жігіт:

Адам қалай әрі не істегенде жан әлеміндегі азаптан азат болады? – деп сұрапты.

Білімдар кісі бір құмыра мөлдір суды жас талаптың алдына қояды.

– Құмырадағы мөлдір су адамның бақыты деп ойла, – дейді.

Суға уыс толы құмды салған данышпан:

– Судағы құм сенің көкірегіңді тырмалаған азап!

Құмыраны шайқай бастайды. Су мен құм араласып қою, сарғыш түске енеді.

– Адамның өмірін осы шайқалып тұрған құмараға теңесек, оның тұрмысы әрқашан былғанған таза су сияқты алаң мен беймазалық ішінде өтеді. Бақытты бүлдіретін, бақыттан айыратын дүниелердің үлкен-кішісі болмайды. Бір шымшым топырақ та, бір уыс құм да, бір түйір тұз да құмырадағы суды бұзатыны секілді ол да.

Қарт ғұлама қолындағы шайқалып тұрған құмырадағы суды үстел үстіне қойып, оған үнсіз телміріп аз-кем отырады. Судағы құм аз-аздан бөтелке түбіне қарай шөгіп, су тазара бастайды. «Адам рухындағы, сезім әлеміндегі азапты түбегейлі жою мүмкін емес. Бірақ, ішкі әлемді тыныштандыру арқылы жүрекке қадалған осы қиыршықтарды жанның терең түкпіріне шөктіріп жіберуге болады. Міне, дәл осы сәтте сенің кісілік болмысыңа бақыт сәулесі шүленін төге бастайды. Бейне тұнып тұрған су сияқты».

Жас жігіттің екі көзі бозаң тартып, тұнып келе жатқан суда тұрды.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: nipic.com