Біз үйленсек (тұрмысқа шықсақ), баламыз болса, сосын тағы да балалар болса, біздің өміріміз жақсара түседі деп өзімізді сендіргіміз келеді.
Кейін біз балаларымыз әлі кішкене екеніне қынжыламыз және балалар өскеннен кейін бәрі жақсы болады деп күтеміз.
Кейін біздің балаларымыз жасөспірім бола бастағанда, олар ойдағыдай азамат болар ма екен деп тағы уайымға салынамыз. Балаларымыз "бәлен..." жасқа келген кезде, біз бақыттырақ бола түсеміз деп өзімізді өзіміз жұбатамыз.
Біз өзімізге өзіміз: әйеліміз (еріміз) жұмыстарын реттеп алған соң, біздің жақсырақ автомашинамыз болғанда, еңбек демалысына шыққанымызда, түпкілікті зейнетке шығып бейнеттен құтылғанда біздің өміріміз жақсырақ бола түседі дейміз.
Ақиқат мынада: бақытты болу үшін нақ қазіргі сәттен жақсы мезгіл жоқ.
Қазір болмаса, қашан болады?
Сенің өмірің қашан болса да сапырылысқа толы. Соны қалай болса сол күйінде қабылдап, ештеңеге қарамастан бақытты болуға ұмтылуға шешім қабылда.
Өте ұзақ уақыттан бері өмір енді-енді басталатындай болып көрінген.
Шын өмір.
Бірақ қашанда жолда бір кедергі кездеседі: басып өтуге тиісті қатал сынақ: бітіріп тастауға тиіс жұмыс; бір нәрсені орындауға арналған уақыт; төленуі тиіс шот. Соңынан бір көсіліп өмір сүреміз деумен жүргенбіз.
Түптеп келгенде, мен өмір өзі осы кедергілерден тұрады деген түсінікке келіп тірелдім.
Осы түсінік маған бақытқа бастап барар жолдың жоқ екенін сезінетін түйсік берді.
Бақыт дегеніміз - өмір жолының өзі.
Сондықтан әрбір сәттен ләззат ала біл.
Бақытты боламын деген шешімге келу үшін мектептің бітуін, оқудың басталуын, 10 долларыңды жоғалтып алғанша, еңбектеніп тапқан ақшаң 10 долларға жеткенше, жұмыс табылғанша, үйленгенше (тұрмысқа шыққанша), жұманың кешіне дейін, жексенбі күні таңертеңге дейін, жаңа машина алғанша, қарыздардан толық құтылғанша, көктемге дейін, жазға дейін, күзге дейін, айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына дейін, сенің әніңді радиодан бергенге дейін, өлгенде, қайтып тірілгенде... деп күту қажетсіз.
Бақыт дегеніміз - жол, барып тоқтайтын нүкте емес.
Бақытты болу үшін қазірден басқа уақыт іздеме.
Өмір сүр және нақ осы сәттен рахат ал.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: liveinternet.ru