Өмір табыс пен молшылықтың, бейбітшілік пен бақыттың тек жоспарланған істерді жүзеге асырудан соң ғана келетінін адамға ғасырлар бойы үйретіп келеді. Және сондай бақытты да сәтті өмірге кенелу үшін төменде берілген кейбір ережелер қажетіңізге жарауы мүмкін.
Өмірден үйреніңіз. Адам өз өмірінен сабақ алуы тиіс. Және бір нәрседен айырылғанда, оған сабырмен қараған абзал.
Құрмет көрсетіңіз. Адам өзін қалай құрметтесе, өзгелерді дәл солай сыйлауы қажет. Ең бастысы адам өзін құрметтеп, оны басқаларға көрсете білуі тиіс. Заманауи қоғамда өзін-өзі құрметтеудің жетіспеушілігі өте қатты байқалады. Бұған көз жеткізу үшін айналадағы адамдардың киімі мен істеген әрекеттеріне назар аудару жеткілікті.
Жауапты болыңыз. Адам өзі жасаған әрекеттерінің бәріне жауапты бола білуі қажет. Әрқашан ақылға салып әрекет еткен жөн. Ізгілікпен жасалған істердің бәрі қайырыммен қайтатынын естен шығармаған дұрыс.
Сыпайы болыңыз. Адал өмір сүріңіз. Өмірде сыпайылықты ұстанатын әділ де адал адам болып қалу міндетті, себебі бүгінгі заманда мұндай қасиетті көптеп кездестіре алмайсың.
Өз қатеңізді мойындаңыз. Қате жібергеніңізді түсінген кезде, оны дұрыстау үшін шұғыл шара қолдануды ұмытпаңыз. Бұл батылдық пен кемелденудің нышаны.
Кешіріңіз. Ұсақ-түйектің өміріңізге араласуына не болмаса жақсы қарым-қатынасты бұзуына жол бермеңіз. Жеке өмірде де, бизнесте де, қарым-қатынастың алар орны шексіз, сондықтан оған қалай болса, солай қарамаған дұрыс. Кешіріп, жолыңызды ары қарай жалғастырыңыз.
Өзгеріңіз. Өзгерістерге дайын болыңыз, бірақ өз құндылығыңызды жоғалтып қоймаңыз. Өзгеріс арқылы адам өседі әрі үйренеді.
Тыңдай біліңіз. Кейде сөйлеудің орнына үнсіз қалу керек болатын сәттер орын алып жатады. Адам көп сәттерде өзін ақтап алу үшін қарсы сөз айтып қалуды жөн көреді, бірақ өмірде үнсіз қалып тек тыңдау керек сәттер көп. Тыңдау арқылы адам басқа біреудің көзқарасын біледі және қарастырылып отырған мәселені тереңнен түсінеді. Бірақ тыңдаудың артықшылықтарын біле тұра, оны жүзеге асыру көбіне қиынға соғады.
Өзіңізбен өзіңіз қалуға дағдыланыңыз. Ең құрығанда күніне бір рет жалғыз қалуға тырысыңыз. Бұл уақытты сіз өткен күнге шолу жасаумен өткізе аласыз.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: socproekty.com