- Негізгі бет
- Психология
- Бақалшық таңдап, өзіңізді...
Бақалшық таңдап, өзіңізді таныңыз (психологиялық тест)
Алда жаз келе жатыр. Көзіңізді жұмып, теңіздің жағасында жалаң аяқ жүгіріп жүргеніңізді елестетіңізші. Аяқ астынан бақалшық (ракушка) тауып алдыңыз делік. Оның қандай болғанын қалар едіңіз. Суреттен бір нұсқасын таңдаңыз, таңдауыңыз сіздің қандай екеніңізді айтады.
1. Сіз әуесқой жанкешті адамсыз. Ессіз, батыл жансыз. Кез келген өзгерісті тез қабылдайсыз, өзіңіз де аяқ асты шешім шығарасыз. Үнемі жаңа әсерге бөленуді тілейсіз. Бірақ демалысты да ұмытпаңыз.
2. Сіз адамдармен тіл табысқыш жансыз. Көпшіліктің ортасында болуды қалайсыз. Достарыңыз бен әріптестеріңіздің арасында көп уақыт өткізесіз. Көңіл көтеруден ләззат аласыз.
3. Көп сөйлегенді ұнатасыз. Достарыңыз да қалжыңдап бұл сіздің ерекше қабілетіңіз екенін айтады. Жақсы жаңалық пен күтпеген шақыруды жиі аласыз.
4. Ұсақ-түйекке көп бас қатырасыз. Тіпті түкке тұрмайтын нәрселерге көңіл аударып, быж-тыж болып сынап-мінеп отырасыз. Әлемге көзқарасыңызды өзгертіп, жақсы жақтарын көре біліңіз. Айналаңыздағылар да бұл өзгерісті байқайды.
5. Мәселелерді оңай шешесіз. Достарыңыз да басына іс түссе, дереу сізге келеді, оларға үнемі түсіністік танытып, қолдау көрсетіп, кеңес бересіз. Тапқыр да епті жансыз. Кез келгеннің қайғысына ортақтасасыз, өте мейірімдісіз.
6. Сіз үнемі көпшілік назарында жүресіз. Өзгелерді де арынды қуатыңызбен жандырып, жандандырып әкетесіз, сол үшін де адамдар сізге үйірсек. Сезімтал да қайырымды адамсыз. Өмірді шексіз сүйесіз.
7. Үйдің берекесі сіз үшін бәрінен қымбат. Көп уақытыңызды отбасымен өткізуді қалайсыз. Көркемөнерге қызығушылығыңыз бар, өлең не қара сөз жазасыз. Шығармашылыққа аса жақынсыз. Бірақ өзіңізді отбасына арнайсыз.
8. Тосын сыйлар жасауды жақсы көресіз, өзіңіз де күтпеген сыйлықтарға балаша шаттанасыз. Алайда тағдыр сыйын да бағалау қажет, сол себепті ақылды да пайдаланыңыз.
9. Сіздің тіліңіз ащы әрі ақылыңыз да асқақ. Көздеген мақсатқа жетпей қоймайсыз. Серігіңіз сәттілік. Тек жақсы жаңалықтар күтіңіз.
10. Сіз өте мейірбан жансыз. Бірақ өзіңізге зиян келер тұста басқаларға «жоқ» деп те айта білесіз. Шешім қабылдарда соңын жақсылап ойланыңыз.
11. Әрдайым жүзіңізден түсіністік іздеген жандар айналаңызда толып жүреді. Бірақ сіз өз өміріңізге көбірек көңіл бөлуіңіз керек. Барлығын алға қадам басуға жоспарлап, мақсатқа жету жолында бір тынбаңыз.
12. Еңбекке бас иген халық! Өз жұмысыңызды жақсы білесіз, мансаптық сатыда да оңай көтерілесіз. Мақсатыңызға оңай жетесіз, идеяңызды жүзеге асыруға көп күш жұмсайсыз. Бір сәт демалып тұрған да дұрыс.
@. @assel_assanova