- Негізгі бет
- Психология
- Бағаланбайтын қуаныш ...
Бағаланбайтын қуаныш
Бақыт қайда? Қуанышымыз қайда? Осындай сауалдармен қуанышқа толы сәттеріміздің барлығын назардан тыс қалдырамыз. Есте қалмайтын күнделікті тірліктің өзі жаныңызға рахат сезімін ұялатып, еріксіз бақытты етеді:
– Бірнеше рет қатарынан түшкіру
– Суға аяғыңызды малып отыру
– Сүрініп кетіп құламау
– Сіз күткен хабарламаның келуі
– Қорқынышты түстен соң ояну
– Жаңа піскен бәліш пен нанның шетін тістеу
– Шаршап келіп, керуертке жату
– Электронды құралдардың бетіндегі қорғаныш экранын алып тастау
– Сіз білмейтін мерекемен таныстарыңыздың құттықтауы
– Күтпеген жерден жоғалтқан затты табу
– Байқаусызда енгізген құпия сөзіңіздің дұрыс болуы
– Мерекеден соң қалған тоңазытқыш толы тәттілер
– Қоқыс жәшігіне алыстан тұрып лақтырған заттың дөп тиюі
– Сізге қатты ұнайтын кітаптың оқылмаған беттерінің саны әлі көп болуы
– Жастықты (көпшікті) салқын жағына ауыстыру
– Көзіңізден жас шыққанша күлу
– Жаңадан сатып алынған киімді кию
– Оятқышта белгіленген сағаттан бұрын оянып, уақыттың бар екенін ұғыну
– Қатты ұнайтын әуенді қайта-қайта тыңдау
– Алған әсеріңізден денеңіздің дір етуі
– Бала кезіңіздегі ойыншықтар толы қорапты жинақтау
– Терезеңізді ұрған жаңбырдың үнін тыңдау
– Таңертең өзіңіз ойламаған жерден ерте ояну
– Кешкі серуен
– Ұялы телефоныңыздың қоңырау үні
– Барлық алғашқы әрекет
– Ескі суреттер толы альбомды ақтару
– Бар жан-тәніңізбен сүйетін іске уақыттың табылуы
– Қатты шөлдеп келіп, су ішу
– Саяхаттау
Дәл осы тізімдегі әрекеттердің барлығы қарапайым өмірде бағаланбайды. Бірақ бір сәттік рахат сезімі мен бақыт сыйлайтынын мойындаңызшы. Әр сәтіңізден ләззат алыңыз! Өмір – сіздікі.
Т. Есқали