Азаттық алу

Арқасы жауыр болған, өзі шабан, әбден арықтаған арба аты терең құдыққа түсіп кетіпті. Иесі келіп он тартып шығарудың әуресінің тым көп екенін ойлап, әлгі атты сол құдықтың түбіне тастап кете барыпты. Жолдан әрлі-берлі өткен адамдар құдыққа қоқыс төгеді екен. Жылқы қатты ызаланып, өзінің бақытсыздығына налыпты. Қырсық шалғанда қайдағы бір құдыққа түсіп кетті, онымен қоймай иесі де оны тастап кетті. Енді өлейін деп жатса да тыныштық жоқ, әр саған, әр минут сайын адамдар келіп қоқыс төгіп жатыр.

Бір күні оның ойында тосыннан өзгеріс болды. Ол өзінің өмірге көзқарасын өзгерту бекіміне келіпті. Ол әр күні үстінен төгілген қоқыстарға көміліп қалмай, қайта қоқыстарды аяғымен таптап, астына жиа беріпті. Ақырында әлгі қоқыстар оның баспалдағына айналып, ол аман-есен жер бетіне шығыпты.

Тұрмысыңның ойдағыдай болмауына орынсыз назаланушы болма. Жігіт кедей, көрікті қалыңдығы жоқ, ауқатты отбасында өмірге келмеген, жұмысы да тым шіркін-ай емес, жалақысы да аз, өзінде асқан өнер мен қабілет те жоқ, басқалар бойына тоғытпайды... Осындай сан-санақсыз ойлар қиялыңды шырмамасын. Шындық қашан да қатал, барлық істер өзіңнің ойлағаныңдай болмайды. Дүниеде мінсіз нәрсе жоқ. Тұрмыс саған тек «қоқыс» сыйласа да, сен ол «қоқыстарды» аяғыңмен таптап, өмірдің биік белестеріне жетуге талпыныс жаса. Бұл дүниеде басқалар тек сенің қаншалық биікте тұрғаныңды ғана көреді де, сенің алыптың арқасында тұрғаныңды немесе мыңдаған қоқыстарды басып тұрғаныңды көрмейді, қарамайды. Ал шындығында сол қоқыстарды басып тұрған адам құрметтеуге ең лайықты болмақ.

Жастық шақтағы жеңіліс, ол – шын жеңіліс емес, ол белгілі бір істің бастауы ғана болуы да мүмкін. Өмірде тек алға бет түзеп, жеңіліске ұшырағаныңда бастаған істеріңді жалғастырып кетуге ерік-жігерің болса ғана болды.

 

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wikipaintings.org