Бұрынғының азамат атауы мен бүгінгінің азамат ұғымында біршама айырмашылық бар. Заман да, адам да, қоғам да өзгерді. Десе де, ұлттың сақталуы үшін ер-азаматтың атқарар рөлі өте зор. Азамат деген атқа лайық болып жүрсіз бе?! Бүгінгінің азаматы қандай болуы керек?
1. Жігіт қаншалықты салмақты болса – соншалықты әдемі.
2. Ерлігің есеппен жасалмасын.
3. Әйел затын құрметтей біл.
4. Әкенің өнегесі бала үшін маңызды. Сіздің іс-әрекетіңіз – балаңызға тәрбие үлгісі.
5. Еңбек етуден жалықпа. Есектің артын жу да, мал тап.
6. Адал астың сіңімділігін естен шығармаңыз. Отбасыңыз адалынан ас ішсе, сауабы азаматқа.
7. Екі сөйлеуден аулақ болыңыз. Ер-азаматтың екі сөйлегені – өлгені.
8. Азамат атыңызға кір келтіретін – ұсақшылдық. Осы қасиеттен аулақ болыңыз.
9. Жауапкершілікті сезіне біліңіз. Ата-анаға құрмет, жарға сүйіспеншілік, балаға тәрбие керек екенін естен шығармаңыз.
10. Ұлттың бір бөлшегі – сіздің ұрпағыңыз. Азамат атыңызға лайық болыңыз!