Қыз балалар ер адамға қарағанда көп сөйлейді дейміз. Көп сөйлей бермейтін ер адам үнсіз жүргенінде не ойлайды? Сізге не айта алмай жүр? Міне, бүгін, қымбатты арулар, бәрін де ашып айтпақпыз!
«Мен қайта-қайта айта бергеннен қорықпаймын, тек сенімді болуым керек»
Стереотиптің барлығын да ысырып қойып айтсақ, біз қарым-қатынас жасаудан қорықпаймыз. Америкалық журналистердің сауалнамасында ер адамдардың көп бөлігі бойдақ өмір сүруге қатты қызықпайтынын айтқан. 12 000 адамнан алынған пікірдің 66 пайызы отбасы құруға кетәрі емес екендіктерін айтқан болып отыр.
«Иә, ақша жаратып келдім»
Мұндай сөзді де ерлер көп айтқысы келмейді, ер адам ақша тапса, оны жаратуды да біледі. Ал «ақша жинай алмайды», «болмайтын затқа ақша шығарып» деген сөздер оның бірінші кезекте намысына тисе, кейінгі кезекті көңілін суытады, жүрегін ауыртады. Қыз балаға деген, оның ренішіне, тиын-тебен үшін ауыр сөздер айтқанына реніші көбейеді. Сондықтан да, «жігіттер ақша жарата алмайды» деген стереотип сіз сыйлаған, сіз құрметтеген адамға қаратыла айтылмауы тиіс, әрине, егер бақытты болғыңыз келсе.
«Менде де сезім бар, бірақ мен оны сыртқа шығаруға қиналамын»
Қыздар көп жағдайда ер адамды сезімсіз, тас жүрек жеп кінәлайды. Әрбір қуаныш, әрбір қайғы біз үшін де үлкен соққы. Кейбір жігіттер шын мәнінде де ештеме ойламайтын, жүрегі қоладан жаралғандай шығар, бірақ ерлердің көп бөлігі «еркектер жыламайды» деген пікірмен жүретініне шүбә жоқ. Осыдан да қыз балаларға қарағанда ерлер жүрек талма ауруларына жиі шалдығады. Ақылды әйел әрқашан мұны түсінеді, төзімділікпен қарайды деп сенеміз.
«Ерлер менмен келеді, оны сол үшін кінәлаудың реті бар ма?»
Өздеріңіз, қымбатты арулар, елестетіп көріңізші, шешім жасай алмайтын, өз өзіне сене алмайтын, әр істе өзгенің көмегін күтетін еркек қаншалықты ұнайды? Табиғатынан әйел адамдар ер адамға арқа сүйейді, ол жоқ болса сүйенішін іздейді...
«Маған белгілі бір мөлшерде бостандық керек, шекара қойма»
Біздің өз серігімізден бір сәтке демалатынымыз сүю-сүймеуіміздің көрсеткіші емес. Аттың тағасындай жабысқан адам біз үшін құрметті дей алмаймыз. Егер ер адам еңбекқор болса «қайын жұртқа әр сенбі бармайсың» деп кінәлаудың реті жоқ, оған демалуға да, өз қызығушылығын «өлтіріп» алмауға да мүмкіндік жасау ең дұрыс шешім. Ал оның мазасын алып, қызғанышты қолдан тудырамын десеңіз құрдымға кеткеніңіз.
«Сенің қандай екеніңмен санаспай, өзімнің қызығушылықтарымды, арманымды, мақсатымды айтқым келеді»
Ерлердің негізінде қыз балаға айтары көп. Бірақ бұл ойлар айтыла бермейді. Неге? Шынын айтсақ, қорқамыз. Біздің жаққа көл-көсір негатив төгіле ме деп, ұнамай қаламыз ба деп... Мәселен, бізге сіздердің қалай киінетіндеріңіз ұнамайды, кейде салақтық танытатындарыңыз іште қыжыл тудырады, әлде денеәлеуетіңіздің, сымбатыңыздың сәл де болса түзелгенін, әдемі болғанын қалаймыз. Десек те, мұның бәрін айтуға батылымыз бармайды. Нәзік гүлді кактусқа сол үшін де айналдырғымыз келмейді. Егер айтып қалсақ, сіздер бірінші кезекте үйді басына көтеріп ұрысасыздар, сосын ренжисіздер, көңіл қалады, суиды, сүймейді екен деп ойлайтын боласыздар, оның әділетсіз екенін дос қыздарыңызға айтасыздар. Ал бізге мұндай уайым керек пе?
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com