Айнұр Тұрсынбаева: "Махаббаты күшті еркек тау қопарады"

Белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram парақшасында жазылушыларына арнап махаббат жайлы сөз қозғады және жұбайлық өмірде екі жанның сезімі сөнбес үшін қандай амал жасау керегін айтты.

"Жалпы, көңiл-күй жүрекке байланысты. Жүрек махаббатқа толып тұрса, күндiз күн күлiп тұрғандай, түнде жұлдыздар жымиып тұрғандай болады емес пе?", - дейді айтыскер сөз басында.

Айнұр Тұрсынбаева адамға деген сүйіспеншіліктің жасқа қарамайтынын алға тартады.

"Махаббат тек жастарға арналған нығмет емес! Жүрегiнде махаббаты жоқ адам жоқ! Ол тек сүйiсiп, құшақтасу емес! Махаббат деген жүрегiңдегi адамды сүйе тұра, өмiр сүруге талпыну!", - деп түсіндіреді ақын.

"Мысалы ананың балаға деген махаббаты қандай?! Балаң үшiн өмiр сүргiң келедi. Әкенiң балаға деген махаббаты мықты болса, бала ер мiнездi болып өспей ме?", - дейді Тұрсынбаева.

Ақынның пікірінше, еркектің әйелге деген махаббаты күштi болса, ол еркек тау қопарады. Әйелдiң ерiне деген махаббаты лүпiлдеп тұрса, шаңырағы жайнап, қазаны қайнап тұрады.

"Егер үйiңiз шашылыңқырап, тамақ дәмсiз бола бастаса, сiз әйелiңiздiң сезiмiн сөндiрiп алғансыз. Егер күйеуiңiз үйге кештетiп кайтып, далаға кеткiсi келiп тұрса, сiзге деген жылулық суына бастаған", - дей келе, ақын өз парақшасына жазылғандарға махаббатты сақтаудың жолдарын көрсетеді.

"Бiрақ, ештеңе кеш емес. Әйелiңiздi кездесуге шақырыңыз! Гүл апарыңыз, мақтаңыз. Жарыңыз құлпырып шыға келедi. Күйеуiңiзге хат жазыңыз. Сiздiң тағдырыңыз оның қолында екенiн айтыңыз. Айта берiңiз, еркелеңiз. Жарыңыз жұмысқа кетiп бара жатқанда, қалтасына хат салып жiберiңiз. Жүрек соғуын тоқтатқанша, сезiмдерiңiз сөнбесiн. Жанып тұрған от өшiп қалмас үшiн отын салып отыру керек емес пе?! Сезiм де сондай. Сөндiрмеңiздер. Сөнген от қайтадан тұтанбайды. Махаббаттарыңыз берiк болсын достар!", - деп кеңес берді Тұрсынбаева.

Nur.kz