Психологияда сіз естімеген һәм білмейтін құпия өте көп. Адам жанының әлі ашылмаған жұмбағы мол. Өзіңді тану өмір бойы үздіксіз жүретін үрдіс. Ендеше мына қызықты деректерге назар аударып, өзіңіз білмейтін сырды ашуыңызға болады.
1. Адамның ақыл-парасаты жоғарылаған сайын, ол тез ойланады және жазуы да түсініксіз болады.
2. Өмірде көп қиындық көрген, өмірлік тәжірибесі мол адамдар ғана ақылды кеңес бере алады.
3. "Қайырлы түн", "қайырлы таң" деген секілді смс хаттар ми бөлігін іске қосып, адамға бақыт сыйлайды.
4. Адамның мінезін алғашқы кездесуден-ақ білуге болады. Мысалы, оның даяшымен сөйлесуіне мән беріңіз.
5. Көп жағдайда өзгелерге бақыт сыйлауға ұмтылған жандар соңында өздері жалғыздықтың кермек дәмін татады.
6. Ер азаматтардан досы көп әйелдердің көңіл күйі жиі көтеріңкі болады.
7. Жалғыздықта көп қалған адамның күйі күніне 15 тал темекі шеккен адаммен бірдей.
8. Жиі саяхаттау денсаулыққа өте пайдалы. Ол инфаркт және күйзеліс қаупін азайтады.
9. Бақытты болған сайын ұйықтауға уақыт аз.
10. Әйелдің құпия сақтау ұзақтығы 47 сағат 15 минуттан аспайды.
11. Егер түнде ойлар мазаласа, оны қағаз бетіне түсіріңіз. Сол кезде ғана ұйқыңыз тыныш болады.
12. 18-28 жас аралығындағы достық басқа жастағы достыққа қарағанда берік әрі ұзағырақ болады.