Әйел затының ер өмірін жақсартар бірден-бір өкіл екені бәріне белгілі. Дей тұрғанмен, әйел затының еркектерден айырмашылығы неде? Осы тұрғыда ойланып көрдік пе? Бұл қатарда барлығына белгілі жайттарды тізбелеп жатудың қажеті шамалы. Ендеше, жай ғана әр сәттегі ер мен әйел қылығын бір қарап шығайық:
Әйел заты ешқашан жейдесін шешіп, иығына салып алмайды;
Әйелдер есінегенде ауыздарын жұдырықпен емес, алақанмен жабады;
Әйел заты бір нәрсені лақтырарда қолын шетке емес, артқа тартады;
Шақырған дауысқа әйел заты басын бұрып қана қараса, еркектер, керісінше, бүкіл денесімен бұрылып қарайды;
Әйел заты сабынмен жуынуды зиян санайды (Немен жуынатынын ваннаға кіріп көр);
Әйел заты үнемі, әр уақытта әдемі көрінетіндіктерін ойлап жүреді;
Сөз салғанда ерлер ашық алақанын созса, әйелдер, керісінше, брлиллиант пен маникюрді көрсету үшін алақанын төмен қаратып созады;
Әйел заты қолдары бос жүргенін ұнатпайды. Сондықтан болар, үнемі қолдарында мәңгілікке алысып, қопарып жүру үшін сөмке ұстайды. Және сол бір сөмкесінің ішінен барлық нәрсе табылады.
Әйел заты таудан бір жақ бүйірлерімен түседі. Ал ерлер болса, адымдарын кере басады;
Малта тастарда немесе құм үстінде әйелдер аяқтарының ұшымен жүрсе, ерлер, керісінше, тек қана өкшелерімен жүріп үйренген;
Әйелдер құлақтарын саусақпен бітесе, ерлер, керісінше, алақанмен жабады;
Әйел заты киінгенде бірінші жейдені, екінші шалбарды киеді. Ал ерлер керісінше қылық көрсетеді;
сурет:ooche813.blogspot.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек