- Негізгі бет
- Психология
- Әйелдердің махаббат өмірі...
Әйелдердің махаббат өмірі
Қыр соңына түсу
Ғашықтық бойжеткен мен бозбалалардың бәрінің басында болатын құбылыс делінгенімен, гүл дәурені енді басталған қыздар қашан да жігіттердің алдымен өздеріне іңкәр болып, қыр соңдарына түсуін үміт етеді. Ең соңында өздерімен шынайы сөз байласқан жігіт әуел баста-ақ қыз көңілінен орын алған жігіт болуы да ғажап емес.
Қажетті тек қыр соңына түсу сезімі ғана, қыр соңына түсуді жарату – әйел затының атаққұмарлығы ғана емес, қайта әйел затының қысылып-қымтырылуы да. Қыр соңына түсуден әйелдер біртүрлі алаңсыз күйге түседі; Неден қате жіберіп алғанын, керісінше, нені мәңгі қолдан жібермейтінін күзетіп отырады.
Соңғы неке істерінің сәтті-сәтсіз болуы осындай қыр соңына түсуге байланысты бүкілдей әйел жақтың жауапкершілігінде болмайды. Сәтсіз некені «еркектің қаскөйлігі, әйелдердің пәктігіне» байланыстыру – бақытсыздыққа ұшыраған әйелдердің жұбанышы.
Мақтаншақтық
Кей бойжеткен бөспелеу келеді. Олар кезінде қанша жігіттің өзіне махаббат байласу талабын білдіргенін жыр қылып жүреді. Бұл – мақтаншықтық болмаған күннің өзінде білімсіздік.
Ерлер күн сайын: «күйдім, жандым, сүйем сені» дегенді айта береді. Сонымен бірге уақытын, зейін-қуатын, қарымтасын шығарып әйелдерді шаттандыруға тырысады. Десе де, ерлердің шынайы неке куәлігінің қасиеті мен мағынасын жоғары бағалайды.
Неке талабын білдіру – бір мезеттік сезім жетегі емес, қайта ерлердің тұтас өмірдегі уәдесі. Бұл шын мәнінде бір әйел затын өзінің өмірі мен әлеміне балағандығы. Өзі сүйген әйел затына сенім арта алмаған еркек, сөз жоқ, махаббатын білдіре алғанымен, шынайы неке талабын білдіре алмайтын еркек.
Бір бойжеткенге махаббат тілегін білдіретін жігіттер өте көп болуы, ал керісінше неке талабын білдіретіндер онша көп болмауы мүмкін, шексіз деген күннің өзінде, мұндай әлсіз сүйіспеншілік пен үмітке булануға болмайды.
Кіммен некелесу керек?
Егер бір бойжеткен бай біреумен некелеспекшімін десе, тіпті, көп өтпей, онымен некелессе, маңындағылар қайтер еді?
Маңындағылар, сөз жоқ оны ақшаға, атақ-абыройға бой ұрды дер еді. Кейбіреулер: «Адамның кісілігі кеткен заман» деп налуы да мүмкін еді.
Сонымен, отбасы үнемі азық-түліктен тарығатын немесе отбасының тоз-тозы шыққан жігітпен некеленген қыздар адамгершілік мұраты жоғары, ақ жарқын қыздардың үлгісі болып шыға келеді.
Шындығында өмір жолы түрліше болады. Бай-кедейлік айырмашылығы, қоғамдық орынның түрліше болуы адамның адамдығына өкілдік етпейді. Кедей күйінде өмір сүріп жатқандардың барлығы еңбекқор, адал жандар болуы, бай отбасы адамдары шетінен мырза болуы екіталай.
Азғантай заттық мүддеге бола өзін басқаның құшағына ату, әрине, өзін жеңіл-желпі бұйым қатарында көргендік.
Әйелдердің неке объектісі әсте зат та, жасанды нәрсе де емес. Қайта жігіттің "Нағыз сүйіспеншілік пе, емес пе? Нендей себеп бар?" деп сұрауға қақысы бар.
Некелі болу
Әйелдердің ең сарыла күтетіні де, ең өкінетіні де некелі болу. Мұндағы қайшылықты тек жалаң «іңкәрлік» деген сөзбен жеткізе алмайсыз.
Қоғам әйел қауымына қашан да әділетсіз, әйел қауымының қандай бір арманын орындауына қат-қабат қиыншылық жолығатындықтан, олар ерлердің көмегіне, қажыр-қайратына мұқтаж. Сонымен, әйелдер бар үмітін некелі болуға артады да, кедей болса баюды, қораш болса, мәртебелі болуды, әлсіз болса, ерлерге сүйенуді, сезім жетегіне берілгіштері, керісінше, еркөңіл, бауырмал, болжампаз күйеуі болуды үміт етеді.
Әйел затының осындай жалаң үмітіне, ішкі жан-дүниесінің күрделі талабына байланысты некелі болу әйел затының өміріндегі ең маңызды белес деуге болады.
Некелі болу – мықтағанда адам өмірінде сөзісіз болатын болмыс. Тоқмейілсуге де, асыра сілтеуге де болмайды. Некелі болудың адамдарға бағыштайтыны – сабырлылық арқылы ғана қол жеткізетін көңіл тыныштығы. Қашан осы түйінді түсініп жеткенде ғана әйел затының көңілі жай табады.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: blog.sciencenet.cn
M. Auelkhan