- Негізгі бет
- Психология
- Әйелдердің ерлерге ұнамайтын...
Әйелдердің ерлерге ұнамайтын сөздері
Ердің әйелге, әйелдің ерге жағуы оңай емес. Және бұл – табиғи заңдылық. Бірақ, әрбір сөзіңізді ойланып, орнымен жұмсайтын болсаңыз, сізден жақсы жар шығуы мүмкін. Төменде әйелдердің еркектерге ұнамайтын сөздері келтіріледі.
"Сенің футболың – бос нәрсе!"
Ер азамат өз хоббиін жеке ісі ретінде қабылдайды. Ал оның қызығушылығына айтылған негативті сөздерді жеке басыма айтылған сөгіс деп біледі.
"Қойшы, болды!"
Олар бүкпеленіп айтылған ұсақ сөздерді ұнатпайды. Ашық әңгіменің шеті шығып тұр ма, өзінің телепатиялық қабілетін тексерместен, мәселенің мәнін ашып алғысы келеді.
"Ал менің анам былай дейді..."
Ата-ана екі тарап үшін де мәртебелі адамдар саналады. Алайда, анаңызға я әкеңізге әрбір әңгіме сайын сілтеме беретін болсаңыз, күйеуіңіз жабырқай түседі. Ол шешім қабылдайтын жағдайда екендігіне күмәндана бастайды. Сіздің орныңызда анаңызды көретін болады. Бұл қарым-қатынасты кірлете түседі.
"Мен әдемі емеспін, мен толықпын, мен тамақты нашар дайындаймын"
Өзіңізге деген сынды асырмалаудың еш қажеті жоқ. Кемшіліктеріңізді әрдайым көрсететін болсаңыз, жарыңыз да тек қана сол тұсыңызды ойлайтын болады. Дұрысы, артықшылықтарыңызды ауызға алу.
"Не бәле киіп алғансың?"
Жоғарыда айтқанымыздай, ер жігіт өзінің стиліне деген сынды жеке басына айтылған сын деп қарайды. Артық мін айтылмасын десеңіз, киімді бірге таңдағандарыңыз абзал.
"Оған неге сонша қарайсың?"
Еркектерге айналасына жыртқышша көз тігу қасиеті тән. Сол себепті, қара аспанды төндіру өзіңізге кері әсерін береді. Сіз олай айтқан сайын, ол қарауын жалғастыра түспек. Мұндайда сіз де айналаңыздағыларға қарап, оны тәубесіне келтіріп қойыңыз. Өз басына түскенде қалай боларын түсінсін.
"Сенің қолыңнан ештеңе келмейді"
Әйелдің қолынан келетін ең нашар әрекет – ер азаматтың өзіне деген сенімін өшіруі. Жеке пікіріңізді өзіңізде қалдырып, сүйіктіңізді соңына дейін қолдаңыз.
"Менің бұрынғы жігітім мынадай еді" немесе "Пәленшенің күйеуімен салыстырғанда..."
Олар өткеннің тәтті әңгімелеріне шыдай алмайды, салыстыруларға төзбейді. Әсіресе, жеке қарым-қатынастарыңыз зардап шегуі мүмкін.
"Жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген аталы сөз осы жағдайға да қатысты секілді. Айтылған сөздің қайтпайтынын біліңіз және әрбір сөзге абай болғайсыз.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: lady.obozrevatel.com