- Негізгі бет
- Психология
- Әйелдердің ер адамды...
Әйелдердің ер адамды ренжітетін 5 әдеті
Әйел мен ердің болмысы бөлек болған соң, қанша сүйіп тұрса да, бірін бірі түсінбейтін кездері болады. Мысалы, әйел адамдар өзінің қай қылығы оның жүйкесіне тиетінін білмеуі де мүмкін. Ерлер де дәл солай. Біз солардың бірқатарына тоқталып өтейік.
Үй тіршілігімен айналыспайтыныңыз
Кей ер адамдар үшін серігі идеал үй шаруасындағы әйел болуға міндетті. Оның күнделікті жұмысының тізіміне тамақ әзірлеу, үй жинау, кір жуу, күйеуі мен балаларына күтім жасау кіреді. Мұндай адамдар сізден мұның бәрін күнде орындауыңызды күтеді. Бұл әу бастан бір-біріңізді қалай танығаныңызға байланысты.
Бірақ, жігіттердің ішінде заманауи әйелдің жеке амбициялары мен қабілетін ескере отырып, потенциалына балта шаппау мақсатында жеке басына қатысты тірлікті өзі жасайтындары да бар. Мұндайда жұмыс не мансап пен отбасы арасында баланс ұстау маңызды.
Көңіл бөлуін сұрау
Сіз жан-тәніңізіді салып жұбайыңыздың асты-үстіне түсесіз. Бірақ одан дәл сондай жауап ала алмай, ренжисіз. Кейін: «Маған көңіл бөлмейсің» деп кінәлайсыз. Бұл да ер адамдарға ұнамайды.
Біріншіден, сіз оның төңірегінде ғана өмір сүру арқылы өзіңізді назардан тыс қалдырасыз. Қатты қадағалайтындай жұбайыңыз кішкентай бала емес. Өзіне керекті өзі жасай алады. Тым мазасызданып оның жүйкесіне тигеннен бір сәт назарды өзіңізге аударыңыз. Жеке қызығушылықтарыңыз көп болса, біреуге тағатын айып іздеуге уақытыңыз болмайды.
Сіздің шоппинг жасайтыныңыз
Өзіңізге қымбат киім, косметика сатып алсаңыз, ер адамдар ысырапшыл көреді. Өйткені, олардың ойынша кішкене құты кремге осынша көп ақша жұмсау – ақымақтық. Бірақ бюджетіңіз ортақ болса ғана оның ашулануға құқығы бар. Әйелдер әдемілікті жақсы көреді. Онсыз олар өздерін сенімсіз ұстайды. Ал әйелдің бақытты күйде өмір сүруі отбасыға оң әсерін тигізеді. Ерінің ісі де өрге жүзіп, ұясының берекесі арта түседі.
Тым жиі үй жуатыныңыз
Алғашында, жұбайыңызға аптасына екі рет төсек қаптарын жуып, үйді ешқашан кірлетпей таза ұстайтыныңыз ұнауы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе, онсыз да таза жерді неге тазалай береді деген ой келеді. Алғашқы пункттен өзіңіз байқағандай, үйге көңіл бөлмесе де ұнамайды. Көп жусаңыз да жақпауы мүмкін. «Неге жуа бересің» дегенін көңіліңізге алмай, егер тазалықтан жаныңыз тыныштық табатын болса, жалғастыра беріңіз. Себебі, бұл цикл үзілсе, келесі тазалауда көбірек күш пен уақыт жұмсауға тура келеді.
Өз-өзіңізбен қалғанда да толыққанды өмір сүре алатыныңыз
Жұбыңыз бос екенін біле тұра, жалғыз серуендеп келгеніңізді көріп, көңіліне алып қалуы мүмкін. Ер адамдар жай ғана тыныштықта болғысы келген әйелдің әрекетін, ажырасудай, оны енді ұнатпай қалғандай көреді. Яғни, өзінсіз де өмір сүре алады деп қабылдайды. Бұл оның ішкі жандүниесіне әсер етеді. Сондықтан, жай ғана демалу үшін жалғыз қалғыңыз келетінін түсіндіріп айтыңыз.
А. Оралқызы