Ерлер ғарышты бағындырса да, әлі күнге дейін әйелдер әлемінің құпиясын анықтай алмай келеді. Сондықтан олар нәзік жандылардың күнделікті әдеттерін түсініксіз және абсурд деп санайды. Сондай әдеттердің біразына тоқтала өтейік.
Саяхатқа үлкен сөмкемен аттану
Теңізге үш-ақ күнге демалысқа аттанатын болса да, әйел адам дүкеннен ең үлкен сөмке алып шығады. Бұған оның күйеуі әбден күлуі мүмкін, бірақ әйелдің болмысы сол. Ол сапарға аттанар алдында «Жаңбыр жауа бастаса ше? Ал егер қар жауса? Егер маңызды кездесуге бару керек болып қалса ше?» деген ойлар мазалайды. Сондықтан ол толық «қаруланып» шығады. Айтпақшы, дәл осы жағдайлар болып қалса деген оймен күйеуінің де шолақ шалбары мен тонын бірге алып шығатыны тағы бар.
Қарапайым күнді атаулы датаға айналдыру
Алғашқы кездесу, алғашқы кездесуге 1 жыл 2 ай 3 күн толуын атап өту... Таныс естіле ме? Әйелдер тым сентименталды болғандықтан болмашы оқиғаларды есте алады. Жадында сүйікті адамымен байланысты барлық ұсақ-түйектер сақталып қалады. Ер адамдар болса, жаһандық деңгейде ойлайды. Кейде олар бауырының туған күнін де ұмытып қалуы мүмкін.
Үнемі жылай беру
Әйелдердің көз жасы ер адамдар үшін түсініксіз. Өкінішке орай, қыздардың көбі жылауық. Олар маңызды емес себептерге қатысты да көз жасын көлдетуге дайын тұрады. Ер адам мұндай әдетті ұнатпайды.
Ыңғайсыз екеніне қарамастан әдемі киіну
Сұлулық құрбандықты талап етеді. Әрбір өзін құрметтейтін әйел бұл қағиданы біледі және ұстанады. Ал ерлер қауымы мұны білмейді, білсе де, түсінбейді. Тіпті Данте заманында да, әйелдер Беатриске еліктеп, аққұба қыздар дидары қоңыр тартуы үшін бірнеше сағат бойы төбелерде отырып, күннің көзіне күйген. Сондай-ақ, ханымдар белді қылдай жіңішке көрсететін корсеттер де киген. Оның тыныс жолына кедергі келтіретіні сұлулыққа талпынған нәзік жандылар үшін тосқауыл бола алмады. Қазір де бойын ұзын көрсету мақсатында қыздар аяқтарына 12 сантиметрлік тақасы бар туфли киеді.
Сөмкелер мен аяқ киімді көп мөлшерде сатып алу
Иә, әйелдер туфлиді жалаң аяқ қалған себепті емес, бір кофтасына үйлесетінін таппағаннан алады. Жиырма бес сөмкені сатып алудың да себебі сол. Немесе жаңа аяқ киімге шұғыл түрде жаңа сөмке қажет, өйткені ескілері (тіпті олар бір апта бұрын сатып алынған болса да) оларға сәйкес келмейді! Олар әрқашан, үлкен немесе кішкентай, орташа, баумен немесе шынжырлы, жолақты немесе тегіс, мата немесе былғары деген секілді категориялар бойынша түрлі сөмкелер коллекциялайды. Ер адамдар әмбебап сөмке болмайтынын қанша қаласа да түсіне алмайды.
Шексіз диета
Әйелдер өз бейнесіне ешқашан толық қанағаттанбайды. Үздіксіз жақсарып отырғысы келеді. Бұл барлық әйелге тән. Әйелдің үнемі диетада отыруына ері қуанбаса, қорықпауы керек. Өйткені, ол дұрыс тамақтану арқылы сымбатын ұзақ жылдар бойы сақтауға тырысады.
Косметика жинау
Тіпті жас әрі әдемі болса да, әйелдің үстелі кремдер, маскалар және басқа да өте қажет ұсақ-түйектерге толы болады. Ер адамда сусабын, қырынуға алдындағы гель және қырынудан кейінгі гель ғана болады. Қысқасы, ерлерде ең көп дегенде төрт-ақ банка ғана болады.
Не киетінін білмейді
Гардеробы толып тұрса да, әйелдер киерге киім таппайды. Үнемі бірі екіншісімен жараспай, көңіл күйі түседі. Оның көйлектерінен үй салуға болатын болса да. Әйелдің табиғаты сол.
Ақшаны жұмсай алмау
Отыз жалақысына бір әмиян ала салу да өнер шығар. Егер солай болса, әйелдер аса талантты халық болғаны. Өйткені, қанша еңбекпен келген жалақысын оған тұрғысыз нәрсеге жұмсай салу олардың қолынан келеді.