- Негізгі бет
- Психология
- Әйелдер саудамен емделеді...
Әйелдер саудамен емделеді
Бүгін біз дүкен аралап, сағатының денін саудамен өткізетін әйелдерді ойлап уайымға салынып жүрген ер адамдарды сабасына түсіргіміз келеді. Сонымен қатар сауда орталықтарына жиі бас сұғатын әйелдер қауымы мен сондай әйелдерге ашуы келетін ер адамдардың құлақтарына алтыннан сырға тақпақпыз!
Зат сатып алып, дүкен аралаудың пайдасы
Нәзік жандылар сауда орталықтарында тізілген ұзын-сонар қатарға түсіп алып, кете береді. Бір дүкенге бас сұғып, жүз киімді киіп көреді. Мұның өзі жаттығу емей, немене?
Бір жыл ішінде нәзік жандылар сауда орталығын ары-бері аралау үшін 330 км жол жүреді екен. Осы арқылы олар денелеріндегі 14 мың. ккал артық майдан құтылады.
Жаңа тауар алған әйел адамның жүйкесі тынышталып, өзін аз күн болса да, жақсы сезініп жүреді. Әйтпесе банкомат картасы мен ақшаның жаны жоқ қой.
Сауда жасау кезінде адамдар көбіне неге мән бермейді?
Кейбірі дүкен аралап жүрген кезде өздерінің сөмкелерінің ауырлығына онша мән бере қоймайды.
Кейбірі алдымен тауардың бағасын сұрап алады да, сапаға мән бермейді.
Кейбірі жан-жағындағы жылтыраған тауарларға қараймын деп өздерінің қанша жол жүргендігіне де мән бермейді.
Сауда орталығын кіммен аралау тиімдірек?
Сауда орталығына жігітіңізбен не күйеуіңізбен бармауға тырысыңыз. Тіпті ағаңыз бен әкеңіздің де сіздің зат таңдап жүрген жайбасар жүрісіңізге жымия қарап, шыдай қоюы екіталай. Сондықтан қолыңыздан келгенше, ер адамдарды саудаға келгенде өзіңізбен ертпеуге тырысыңыз. Одан да анаңызды, не құрбыңызды ертіп алып, еркін аралаңыз. Өйткені сіздердің талқылауға тұратын ортақ заттарыңыз бен ортақ әңгімелеріңіз жетерлік.
Сауда орталықтарын көп аралайтын адамды көп көлемде киім-кешек алу үшін кеңесші етіп бірге алып барыңыз. Өйткені олар биылғы сәннен хабардар болып келеді. Тіпті тауардың бағасын түсіріп, әр жақтағы бағалар құнымен салыстырып жүреді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: izhevsk.strana-krasoty.ru
А. Әбілхан