Өзіңіздің түйсігіңізге сеніңіз. Қауіпті ортадан дереу тайып тұрыңыз. Жығыла жабысқан кей адамдарға оның ұсынысынан бас тартатыныңызды ашық білдіріңіз. Әрқандай бір ер адамға оп-оңай сене салмаңыз. Мейлі ол дүкеніңіздің көне клиенті болса да, әлде өзіңіз сенетін досыңыздың досы болса да. Жасына да қарамаңыз. Кездескен шақтарда өзіңізді ұстауға шебер болыңыз, кездесуге қауіпсіз уақытты және қауіпсіз орынды таңдаңыз әрі қорғану шарасын алдын ала ойластырып қойыңыз. Құрамында спирт немесе қышқыл дәмі бар сусынды іше көрмеңіз, бейтаныс біреу ұсынған сусынды татып алмаңыз. Өзіңіздің сөз-әрекетіңізге көңіл бөліңіз. Басқалармен әңгіме дүкен құрғанда өте жақын тұрмаңыз, көзіңізді ер адамдарға қадап алмаңыз, киім-кешекті олпы-солпы кимеңіз, өте сыпайы, жіңішке немесе еркелей сөйлемеңіз, егер олай сөйлесеңіз қарсы жақ сізді "ұшқалақ адам" деп қате түсінуі әбден мүмкін. Әрқандай бір еліктіруге ере кетпеңіз. Кейбір әйелдер стиль жағынан жеңілтек болуы мүмкін, олар шарт-жағдайы біршама жақсы ерлерге оңай алданып қалуы, оның құрған торына өзі барып түсуі ықтимал. Сенімсіз досыңыз өткізген сауықкешке мүлде бармаңыз. Ерлерге бұрын басыңыздан өткен "сәтсіз махаббат" хикаясын айтып, олардың мүсіркеуіне кенелемін демеңіз. Бөтен ойлы ерлер осындай әйелдерді алдап, оп-оңай қолына қондырады да, оның бейғам кезінде бас салуы мүмкін. Қоғамдық барыс-келісте өздігінен сізге жақындаған әрі жығыла жабысқан ерден абай болыңыз.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: kerekinfo.kz