- Негізгі бет
- Психология
- Әйелдер өздерін қалай...
Әйелдер өздерін қалай қорғауы керек?
- Өзіңіздің түйсігіңізге сеніңіз. Қауіпті ортадан дереу тайып тұрыңыз.
- Жығыла жабысқан кей адамдарға оның ұсынысынан бас тартатыныңызды ашық білдіріңіз.
- Әрқандай бір ер адамға оп-оңай сене салмаңыз. Мейлі ол дүкеніңіздің көне клиенті болса да, әлде өзіңіз сенетін досыңыздың досы болса да. Жасына да қарамаңыз.
- Кездескен шақтарда өзіңізді ұстауға шебер болыңыз, кездесуге қауіпсіз уақытты және қауіпсіз орынды таңдаңыз әрі қорғану шарасын алдын ала ойластырып қойыңыз.
- Құрамында спирт немесе қышқыл дәмі бар сусынды іше көрмеңіз, бейтаныс біреу ұсынған сусынды татып алмаңыз.
- Өзіңіздің сөз-әрекетіңізге көңіл бөліңіз. Басқалармен әңгіме дүкен құрғанда өте жақын тұрмаңыз, көзіңізді ер адамдарға қадап алмаңыз, киім-кешекті олпы-солпы кимеңіз, өте сыпайы, жіңішке немесе еркелей сөйлемеңіз, егер олай сөйлесеңіз қарсы жақ сізді "ұшқалақ адам" деп қате түсінуі әбден мүмкін.
- Әрқандай бір еліктіруге ере кетпеңіз. Кейбір әйелдер стиль жағынан жеңілтек болуы мүмкін, олар шарт-жағдайы біршама жақсы ерлерге оңай алданып қалуы, оның құрған торына өзі барып түсуі ықтимал.
- Сенімсіз досыңыз өткізген сауықкешке мүлде бармаңыз.
- Ерлерге бұрын басыңыздан өткен "сәтсіз махаббат" хикаясын айтып, олардың мүсіркеуіне кенелемін демеңіз. Бөтен ойлы ерлер осындай әйелдерді алдап, оп-оңай қолына қондырады да, оның бейғам кезінде бас салуы мүмкін.
- Қоғамдық барыс-келісте өздігінен сізге жақындаған әрі жығыла жабысқан ерден абай болыңыз.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: kerekinfo.kz
M. Auelkhan