Әдетте әйелдер ер адамдармен салыстырғанда төзімді келеді. Алайда Мичиган университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулеріне сәйкес жаңа байлам жасап отыр. Олар ерсі мінез-құлыққа әйелдердің тез ашуланатынын және оған төзе алмай кететінін дәлелдеді. Ол үшін тәжірибеге 235 адам қатысып, арнайы сұрақтарға жауап берді. − деп хабарлады «The Hindustan Times».
Сұрақ-жауапқа қатысушылар шектен тыс жасанды мінез-құлық көрсеткен адамның ақылға сыйымсыз мінезіне төзе алмайтындықтарын жеткізген. Ғалымдардың айтуынша, әйелдер сезімтал, сондықтан айналадағы әрекеттерді жіті бақылап отырады. Олар ерсі қылық, оғаш мінезді бірден байқайды.
Дереккөз: inform