Әйелдер еркектердің жылай алмайтындығы үшін жылайды...

Нағыз әйел бәрін өзі жасай білуі керек. Бірақ нағыз ер азамат мұның бәріне жол беріп қарап отырмауы қажет. 

Әйел адамдар ерекше жаратылыс иелері, өйткені тек олардың ішінде ғана екі жүрек қатар соғады. 


Махаббаттан жалықпау керек. Ол болмаса, бояуы кеткен сүрең тіршілікте жалғыз қалғандай боласың...

Махаббаттың пендені арлы ететін де, сорлы ететін де қасиеті бар. 

Біреудің бақытты еткенін емес, біреуді бақытты еткісі келетін адамның махаббаты құдіретті ғой, шіркін!..


Табиғат әйелдерге физикалық күш бермесе де, рухани күшті аямаған. "Әйелдің қырық жаны бар" деген рас екен...

Сағат сайын жақсы көретіндігін айта беретін жанды емес, үндемей-ақ бақытқа бөлейтін жанды сүй!

Сен қоштасқан адамыңның өзіңе керектігін сезгенде, ол мұны сенен де ерте сезген адамның жанында болады. 

Тұрмысқа шығу қиын емес, тұрмысқа сәтті шығу ғана қиын.


Адамдар ешқашан өзгермейді, тек сен оларды жақын тани бастайсың.

Әйелді уақыт емес, еркек өзгертеді.

Бақыт деген - барды бағалау, жоқты армандау емес.


Егер сенің өміріңде өткеніңді ұмыттыратын адам пайда болса, ол - сенің болашағың.

Егер махаббатыңның бұзылғанын қаламасаң, ойыңды, өзіңді таза ұста.

Ғашықтар "Қоштасайық" деген сөзді асығыс айтады. Бірақ оның артында жанды қинайтын жайттардың көбін кеш сезеді: "Қайта бастайық" деген сөз қайта айтылмайтын кезде...

Әйелді әдемі ететін де, әлекке салатын да - ер адамдар.

Әйелдер еркектердің жылай алмайтындығы үшін жылайды...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mail.ru