"Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады" дейтін әзіл сөзді жігіттерге де қолдануға болады. Шынында да жаман күйеу қайдан шықсын. Сол үшін де әйел затының жасы бірте-бірте ұлғайғанымен жігіттерге, күйеуіне деген талабы ешқашан кемімейді. Нағыз азамат, ақылды жар болғыңыз келсе, әйелдердің пікіріне құлақ салған жөн-ау. Қытай елінің "Тұрмыс" сайтынан жолықтырған мына бір кеңестерді сіздерге ұсындым. Қажетіңізге жарап қалар. Кейбірі әзіл секілді болғанымен, ақиқаты айдан анық дүние екен.
22 жасында.
- Келіскен келбетті болу.
- Басқаларды баурай алатын болу.
- Қалтасы қалыңдау болу.
- Сабырлы да салмақты болу.
- Ақылды болу.
- Денсаулығы жақсы болу.
- Киім-кешегі таза, ретті болу.
- Үнемі қуантарлық тарту ұсынып тұру.
- Романтикалы болу.
32 жасында.
- Рухты болу.
- Қалтасында үнемі басқаларды бір реткі түскі асқа ұсыныс ететіндей ақшасы болу.
- Көп тыңдап, аз сөйлейтін болу.
- Айтқан әзіліңді түсіне алатын болу.
- Үйге үнемі өзі біліп, керекті заттарды сатып ала келетін болу.
- Әдемі галстугынан кемінде біреуі болу.
- Жасаған тамағымды ұнататын болу.
- Туған күнім мен еске алатын күндерді есінен шығармайтын болу.
42 жасында.
- Сырттай қараған жанға рухты екені көрініп тұру.
- Шашы түсіп, қасқа бас болып қалмау.
- Қызметі орнықты, аздап жұмыс басты болу.
- Мен сөйлегенде анда-санда басын изеп, айтқанымды құптап отыру.
- Денсаулығы жақсы болу. Үй жиһаздарын жылжытқанда көмектесу.
- Киген жейдесі семіздігін жасыра алатын болу.
- Кей кездері үйге бір шоқ жаңа ашылған гүл ала келуді ұмытпау.
- Қызметтесімен телефонда тым ұзақ сөйлеспеу.
52 жасында.
- Сақал-мұртын алып отыруды ұмытпау.
- Дастарқан үстінде жұрттың берекесін қашырмайтын болу.
- Ақшаны аз жұмсайтын болу.
- Мен көзқарасымды айтып отырғанда қалғып кетпейтін болу.
- Бір әзілді қайта-қайта айта бермейтін болу.
- Шұлығын үнемі ауыстырып тұратын болу.
- Киім-кешекті ретті киюге көңіл бөлу.
62 жасында.
- Ұйықтағанда жай қорылдайтын болу.
- Өзінің неге күлгенін білетін болу.
- Киімін теріс киіп алмайтын болу.
- Қуатты тағамдарды таңдай алатын болу.
- Жалған тісін қайда қойғанын ұмытып қалмайтын болу.
72 жасында.
- Денсаулығы тым нашарлап кетпеу.
- Көңіл-күйі көтеріңкі болу.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: shenghuo.net
Қ. Қауымбек