Қауіпті жағдайларда әйелдерді бірінші құтқарады. Солар үшін бар жағдай жасалады.
Көп жерде оларды бейтаныстардың өзі сұлу болғаны үшін ғана «сыйлап жібереді». Тегін жеткізіп тастайды, тәтті сыйлайды.
Әйелдер шалбар мен белдемшенің қайсысын кисе де өзі біледі. Шотландиялық ерлерден басқа ер адамдарда мұндай таңдау мүкіндігі жоқ.
Олар әр ұсақ-түйектен қуаныш көре алады. Тіпті тырнағына маникюр жасатқанының өзіне біраз уақыт бойы бақытты болып жүре алады.
Ерлерге қарағанда әйелдер Паркинсон (жүйке ауруы) ауруымен сирек ауырады. Ал түс ажырата алмау ауруы әйелдерде тіпті кездеспейді десе де болғандай.
Егер әйел адам ер адамға ұрып жіберсе, ерлер оған жауап ретінде қайта қол көтере алмайды. Бұл бұзуға болмайтын заң.
Әйелдер әскерге бара алады, тек өз қалауымен ғана жіберіледі.
Статистика бойынша, әйелдер ерлерге қарағанда 5-7 жыл ұзақ өмір сүреді. Өте қу әйелдер бай ер адамға зайыбының мұрасы өзіне қалуы үшін тұрмысқа шығады.
Әйел адамдар суық тиіп ауырып қалса, мұны өте жеңіл қабылдайды. Ал ерлер болса сәл тұмауратып қалғанда өлім аузында жатқандай төсектен тұрмай қояды.
Көп жағдайда әйел адамдардың өтініші жерде қалмайды.
Статистикаға сүйенсек, әйелдерге қарағанда ерлер түрмеге үш есе көп жабылады. Демек олар аса заңға бағынышты не кез келген жерден сытылып кететіндей өте қу.
Тәртіп бұзған жағдайда оларға айып пұл төлетпей, кешірім бере салу үшін сәл ғана жанарын мөлдіретіп не әдемі күлкісін сыйлай салуы жеткілікті.
Ер адамдардың қолынан келмейтін ең бір құдіретті іспен әйелдер мақтана алады. Ол құрсағына біткен сәбиді өмірге адам етіп әкеле алады.
Егерде әйел заты жас әрі тартымды болса, оған қоғамдық жерлерде адамдар орнын босатып береді. Егер әйел егде тартқан, сырт келбеті көріксіз босла, оған қоғамдық жерлерде адамдар орнын босатып береді.
Әйел адам анасымен таң атқаннан кеш батқанға дейін сөйлесе алады. Бұл үшін оны ешкім «анасының баласы» деп айыптамайды.
Ал егер әйел ақымақ болса, оның жанын түсінетін ер адам қашанда табылады.
Қыздар құшақтасып, бір-бірінің киімін киіп, тіпті бір төсекте ұйықтай алады. Бұл үшін ешкім оларды жаман сөздер айтып сөкпейді.
Әйелдер күн сайын қырынып жатпайды.
Әйел заты ер адамнан аз ақша табатын болса, ол үшін мұның еш сөкеттігі жоқ.
Ал сіз, жігітім, қыз болғыңыз келетін сәт болып көрді ме?