- Негізгі бет
- Психология
- Әйел сұлулығынан ердің...
Әйел сұлулығынан ердің сөздік қоры байиды екен
Ерлер әйел алдында өз ұнамдылықтарын арттыру үшін сөздік қорларын байытып отыратын болып шықты.
Ноттингемский университетінің ғалымдары неке тойларға бас сұғып, ерлерге қатысты біршама жайттардың басын ашуға мүмкіндік алған. Оның ішінде, ердің сүйікті қосағына қарай отырып сөздік қорын байытуға тырысатындығы.
Сонымен қатар, ғалымдар нәзік жыныстылардың сөздік қоры бай еркектерді интеллектісі жоғары дамыған жандар санайтынын анықтады. Ең қызығы сол, сұр бойдақ жандардың көпшілігі (ерлер) әйел затынан ыстық ықылас тауып, сыңарларын табу үшін бұрын-соңды айтып көрмеген жаңа сөздер мен ыстық лебіздерге қадам жасауға тырысатын көрінеді.
Тағы бір анықталғаны, сыңардың ақыл-ой жетіктілігі әйелдердің өте-мөте қолайына жағатын болса, өз кезегінде көпшілік ерлер өздерінен ақылды әйел баласымен түтін түтетуден қашқақтайды екен.
Бұдан бұрын да Тұманды Альбион мекенінің зерттеушілері 2500 адамнан сауалнама алып, іс барысында ерлердің әйелдерге қарағанда үш есе жиі өтірік айтатындығын дәлелдеген болатын. Орта есеппен алғанда ерлер күн бойына үш рет өтірік айтса, нәзік жынысты ханымдар күніне бір ғана мәрте өтірік айтатын болып шыққан.
Сауалнама барысында әр бесінші жанның өтірік айтпайтыны белгілі болды. Әйел баласы өздерінің көңіл-күйлеріне байланысты өтірік айтса, ерлер қауымы сылбырлықтың қылтың-сылтыңы үшін жалған айтатын сыңайлы. Және зерттеуге ат салысушы адамдардың 71 пайызы достарының, жұмыстағы әріптестері мен отбасы мүшелерінің аяушылығын туғызу үшін өтірік айтып тұратындықтарын мойындаған.
Қаперге алсақ, ерлерге қарағанда әйелдер өтірік айтқан уақытта өздерін кінәлі санап, ақталуға тырысатын көрінеді (23 пайыз ерге 62 пайыз әйел қарсы).
сурет:q.sohu.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига