Ер адам әлсіздігін көрсетуге қорқатыны секілді әйел адамдар да мықтылығын көрсетуде сақ болуы керек. Мұны көпшілігі дұрыс түсінбеуі мүмкін.
Күшті болып көрінетін әйел заты сыртқы ортаға: «Жақындама. Көмектеспе. Бәрін өзім» деген белгідей боп көрінеді.
Мықты әйелді көрген жұрт оны артық шаруаларымен жалғыз қалдырады.
Нәзік әйелдерге долбар жоқ, алдын ала кесіп-пішіп бірдеңе деу қиын. Қытай нақылы айтқандай: «Әйел – жер, ер – жерде өсетін ағаш ». Ал ағаш жерден қайда, қашан мықты болып еді?
Мықты жаратылыс өз күшін көрсеткен кезде қуат әлсіремейді, алайда мүмкіндік ұлғаяды. Құмарлық күшейіп, «аш қасқырлар» жақындай түседі.
Ежелден ерлер түкпірге шабуылдайды, ал әйелдер табысты ерлерге шабады. Бірақ ешбір жігіт өмір серігі ретінде өзінен мықты әйелді таңдамайды.
Оның себебі еркектің әлсізідігінде емес. Ян күші Ин күшінен құнарланады. Екеуі де Ян болса, бірін бірі бұзады. Сол себепті жігіттер мұндай қыздан бойын аулақ салуға тырысады. Қоғам әйел адамды ерлерге қарағанда білімімен, құзіреттілігімен, мықтылығымен басым тұратынын мақтан көретін етіп жіберген.
Инь қасиеті терең әйел заты емдік қасиеті бар көл іспетті. Оған келіп демалып, ресурстарын қалпына келтіріп, жаңа жетістік алдында жанын тыныштандырады. Оған осылай үнемі қайта оралып тұрады. Табиғат осы жүйеге құрылған. Инь мен Янның күші тең, бірақ қызметі әртүрлі.