Нәзіктікті әркім әрқалай түсінеді. Әдемі, көркіне көз тоймайтын аруды көріп ойымызға «ол неге жалғыз?» деген сұрақ келеді. Қанша жерден әдемі болса да, мінезі нашар болуы мүмкін.
Нәзіктіктің деңгейі бола ма?
1. Физикалық деңгей.
2. Эмоционалды деңгей.
3. Ақыл деңгейі.
4. Рухани деңгей.
Әр деңгейге нақтырақ тоқтала кетейік:
1. Физикалық деңгейдегі нәзіктік.
Ең алдымен бұл орайда сырт келбет жайлы айта керу керек.
♥ Киетін киіміміз қандай? Киім біздің дене сымбатымызды айқындай ма? Киім тым тартымды емес пе? Бет теріміз қандай қалыпта? Оған күтім жасайсыз ба? Косметика пайдаланасыз ба?
♥ Шашыңыз қандай қалыпта? Оған күтім жасайсыз ба?
♥ Әшекей-бұйым тағасыз ба? Оларды орнымен тағып, образға ұтымды пайдалана аласыз ба?
♥ Қандай аяқ-киім таңдайсыз? Дөрекілеу бәтеңке әлде нәзік туфли ме?
♥ Денсаулығыңыздың қалпы қандай?
♥ Дене сымбатыңызға күтім жасайсыз ба? Көптеген адамның пікірі бойынша, кез келген арудың белі болуы керек. «Қыпша белді емеспін» деп қолды бір сілтеп жүре бермей, арнайы бел шығаратын құралдарды пайдалану керек.
♥ Жүрісіңіз қандай? Нәзік жандыға тән бе?
♥ Сөйлеу мәнеріңіз қандай? Дауысыңыз өзгелердің құлағына жағымды естіле ме? Қандай «тілде» сөйлейсіз?
Сондай-ақ бұл қатарға қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымыз кірігеді:
♥ Дайындайтын тағамыңызға барыңызды саласыз ба?
♥ Үйдегі «атмосфераны» жақсартуға тырысасыз ба?
♥ Кішігірім нәрселерден үйде жайлы жағдай жасай аласыз ба?
♥ Өміріңізге қажет емес нәрселерден уақытында құтыласыз ба?
♥ Үйді, қоршаған ортаны таза ұстайсыз ба?
♥ Үйдің қаржы жағдайына қарамастан «жеткілікті» болатындай атмосфера жасай аласыз ба?
Осы сұрақтарға жауапты тізбек бойынша жазып шығыңыз. Бұл қағазды сізден басқа ешкім көрмейді. Сондықтан барынша шынайы жауап бергеніңіз абзал. Бұл сұрақтардың ерекшелігі – жауап жазу барысында біраз мін түзеліп, өзіңіздің қабылдағыңыз келмеген қырларыңызды танисыз.
Ал эмоционалды, ақыл мен рухани деңгейдегі нәзіктік жайлы кезекті материалымыздан оқи аласыз.
Сурет: ©Тимур Ғаббасов
Оқи отырыңыз:
"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік"
"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік" #2
Бикештер қандай көлік таңдайды?
Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес