- Негізгі бет
- Психология
- Әйел адам махаббат...
Әйел адам махаббат үшін жаралған
Естеріңізде болса, 40 жастағы Жанна Фриске ми ісігі дертіне шалдығып, 15 маусым күні қайтыс болған еді. Талантты әнші, әртіс қысқа ғұмырында талайды тамсандырып, өмір туралы ой бөліскен еді. Әншінің цитаталарын назарларыңызға ұсынамыз.
Әйел адамдар өз сұлулығын көрсете білуі тиіс.
Қыз баланың құрбылары – әшекейлер мен биік өкшелі аяқ киім.
Мінсіз қарым-қатынас сенім бар жерде ғана болады.
Барлығын қалжың деп қабылдауымыз керек.
Мен үшін адамгершілік пен тән құмарлығы – екі бөлек нәрсе.
Мүмкіндік болса, неге өзіңді тексеріп көрмеске?
Менің жеке өміріме қатысты дүниелерді журналистер ойлап табады. Мұның барлығын естіп, мұңая түсемін.
Мен жүзімдегі әжімдердің арқасында күн сайын өзгеремін.
Еш уақытта ер адаммен азаматтық некеде тұрған емеспін. Тұрмысқа шықпадым, балаларым жоқ.
Әйел адам біреудің сүйіктісі болуы үшін жаралған. Оны ешкім жақсы көрмесе, өзін бұл әлемде жоқ адамдай сезінеді. Біз махаббатсыз жаман күй кешеміз.
Көшеге сұлуланбастан шыға алмаймын. Айналадағылар көріп қояды деп емес, өзімді сыйлайтындықтан.
Өмірге лағнет айтып, бақытсыз болсаң, саған ешбір косметология көмектеспейді.
Мені ер адамдар ренжіткені рас. Сонда да әрдайым кешіре білуіміз керек деген ойдамын. Негативті эмоциялар тек жамандық ойға жетелейді.
Қ. Бүйенбай