- Негізгі бет
- Психология
- Аутсайдерлер қатарынан шығу...
Аутсайдерлер қатарынан шығу үшін не істеу керек?
«Кемеңгер және аутсайдерлер» (Гении и аутсайдеры) кітабын естіп немесе оқыған боларсыздар. Шынымен, бұл кітапты оқуға кіріспестен бұрын басыңызға «Неге өмірде біреулерде бәрі бар, ал, өзге біреулер ештеңесіз өмір сүреді?» деген ой келеді. Бұл сұрақтарға жауапты әлемнің түкпір-түкпірінде жүргізілген зерттеу жұмыстары жауап береді:
1. Біреудің жетістігің оның жеке еңбегі деп бағалау қаншалықты дұрыс? Сонымен қатар, бақ пен мүмкіндіктердің рөлі жоғары екенін ұмытпау керек.
Біз адамның жетістік өлшемін тек оның еңбек күшімен байланыстыратын болсақ, оның табысына әсер еткен өзге факторларды естен шығарып тастаймыз. Бұл биік еменнің өсуіне теқ жаңғағы ғана әсер етті дегенмен тең. Өйткені, еменнің өсуі үшін жаңғақ маңызды бөлік болса, оның айналасын қоршаған өзге факторлардың әсері елеусіз қалар ма еді? Мысалы:
• Жаңғақтың жерге түсу мүмкіндігі;
• Өзге ағаштардың күн көзін жаппай, өсуге әсер етуі;
• Еменнің өсуіне кері әсерін тигізетін шырмауықтар мен өзге бактерияардың болмауы.
2. Кәсіби маман болу үшін тәжірибеге 10000 сағат жұмсау керек. Ол 10 жыл бойына үздіксіз 3 сағат жұмсау дегенді білдіреді.
Бұл кітаптың арқасында 90- жылдары психолог Андерс Эриксонның жүргізген тәжірибесі аса танымалдылыққа ие болды. Ол зерттеу барысында Берлиндегі Музыка Академиясының студенттерінің арасындағы жоғары көрсетішке иелері уақыттарын жаттығуға арнайтыны анықталды.
• Тоғыз жасына дейін — аптасына 6 сағат
• Он екі жасына дейін — сагіз сағатқа дейін ұзартқан.
• Он төрт жасында — он алты сағат жаттығуға кеткен. …
Осылайша, 20 жасына дейін олар аптасына 30 сағатын жаттығуға арнауды әдетке айналдырған. 20 жасында ең үздік студенттер дайындыққа 10000 сағатын арнаса, орташа көрсеткішке ие студенттерде бұл сан – 8000-ға тең болған. Ал, артта қалған студенттерде небәрі 4000-ға тең.
3. Зияткерліктің жоғары көрсеткіші өмірде сәттілікке кепілдік бермейді.
ХХ ғасырдың 20- жылдары Стэнфорд университетінің психология саласының маманы Льюис Термен мыңнан астам вундеркиндтерді өз бақылауына алады. Олардың зияткерлік коэффициенті 140 пен 200-дің аралағын құраған. Дегенмен, олардың арасында биікті бағындырғандардың саны аз. Кемеңгер балалардың арасынан бизнес, ғылым мен заң әлемінде жетістікке жеткендер болғанымен, әлемдік деңгейде өздерін көрсете алмады.
Олардың араларынан Нобель сыйлығын иемденгендер болмаған. Керісінше, зияткерлік көрсеткіші төмендердің арасынан Нобель сыйлығын алғандар табылған. Мысалы, Уильям Шокли мен Луис Альварес.
4. Тәжірибе зияткерлігі IQ-ден әлдеқайда маңызды.
Егер табысты адам мен жолы болмаған адамның IQ көрсеткіші бірдей болса, олардың айырмашылығы неде? Тәжірбие зияткерлігі адамның санасынан әлдеқайда маңызды. Тәжірибе зияткерлігі адам бойындағы зеректілікті жетілдіреді. Яғни, бұл адам өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда байқампаз бола түседі. Бұл сыртқы орта әсерінен туатын қасиет. Ең бірінші, бұл қасиетті дамуына әсер етуші фактор – отбасы.
Мысалы: атом бомбасының негізін салған физик Роберт Оппенгеймер мен IQ көрсеткіші 195–210-ге тең әлемдегі ең ақылды адам Крис Ланганның табыс жетістіктерін қарастырайық:
Роберт Оппенгеймер суретші мен кәсіпкердің отбасында дүниеге келіп, сол жерде тәрбие көрді. Әкесінің кәсіпкерлігі бала бойындағы қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жетілдірді. Адамдармен келіссөз жүргізу, қиын жағдалардың шешімін табу сынды әрекеттерге бел буа кірісу қабілетін арттырды.
Крис Ланганның өмірлік тарихы адамға зияткерілік тәжірибесіз табысқа жету қиын екендігін дәлелдейтіндей. Крис көп балалы, кедей отбасында өмірге келді. Оған бала кезден қарым-қатынас кезінде арақашықтық сақтау, ешкімге сенбеу керектігін санасына сіңіріп өсірді. Оған адамдарға тәуелсіз болуды үйретті. Ол барлық жағдайдың шешімін таба білсе де, ол ешкіммен баланыс орната алмады. Бұл қабілеті оның жетістікке жетуіне кедергі болды. Сол себептен, ол университетті тастап, аз жалақылы жұмыс жасауға мәжбүр болды.
Т. Есқали