- Негізгі бет
- Психология
- Ауру да, әдет...
Ауру да, әдет те қалады...
"Ауру қалса да, әдет қалмайды" деген жаттанды сөзіміз бар. Алайда, тырыссаңыз бәрі де мүмкін. Себебі, нашар әдеттер сіздің түбіңізге жетеді.
Сонымен, сіздің бойыңызда төмендегі әдеттер байқалатын болса, бүгіннен бастап іске кіріскеніңіз жөн.
1. Өзіңе ұнамайтын нәрсеге шыдамдылық таныту;
2. Сенің бағаңды түсіретін адамдармен қарым-қатынас жасау;
3. Өзгелердің не айтатындығын ойлап жүру;
4. Ағыспен бірге жүзу және ағысқа қарсы тұрудан бас тарту;
5. Пікіріңді, сезіміңді ішіңде сақтау;
6. Тәуекел етуге қорқу;
7. Бәріне бірдей ұнауға тырысу;
8. Туыстарың мен ата-анаңды естен шығару;
9. Қашанда асығып жүру;
10. Өзіңді кінәраттау;
11. Қателіктен қорқу;
12. Бос уақытыңды төрт қабырғада өткізу;
13. "Бұл менің қолымнан келмейді" дегенді айтып, өзіңді сәтсіздікке айдап-салу;
14. Өзіңді өзгелермен салыстыру;
15. Өткенге кенедей жабысып қалу;
16. Тек қана болашақты ойлау;
17. Өмірге үнемі наразылық, өкпе-реніш айту;
18. Бойыңда реніш сақтау;
19. Қажетсіз заттарды сатып алу және сақтап қою;
20. Жауапкершілікті өзгенің мойнына жүктеп салу;
21. Қолыңнан келмейтін нәрселерге уәде беру;
22. Үнемі жаманшылықты ойлап жүру;
23. Орынсыз жерде ұялу;
24. Қызғану, көреалмаушылық;
25. Тұнжырап жүру;
Сіздің бойыңызда осы әдеттердің қайсысы бар?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com