Таң – адамның бір күн уақытының ең маңызды бөлігі. Өйткені, күніңіз сол сәттен бастау алады. Көптеген табысты адамдар таңғы тәртіпке аса мән береді.
Таңғы уақытқа аса мән берген дұрыс. Неге?
• Таңғы уақытта жұмысқа кірісу өте тиімді. Өйткені ісіңіз өнімді болады. Миыңыз түні ойы қуат алып, жаңа серпінмен іске кірісесіз.
• Өзіңізге көңіл бөлетін уақыт табылады.
• Күніңіз қалай басталса, жалғасын солай табады.
Таңғы 5-те ояну
Жаңалықтарға шолу жасау
45 минуттық жаттығу жұмыстары
Таңғы ас
Душ қабылдау
Жұмыс
Ричард Брэнсон
5:45-те ояну
Жүзу немесе теннис
Таңғы ас
Бенджамин Франклин
5-те ояну
Таңғы ас
Бүгінгі жасалу керек жұмыстардың тізімін жасақтау
Стив Джобс
6-да ояну
Айнаға қарап : «Бүінгі күн өміріңнің соңғы күні болса не істер едің?» деп сұрау;
Балалар оянғанша жұмыс жасау;
Отбасымен таңғы ас ішу;
Жұмыс
Гари Вайнерчук
Сағат 6-да ояну
Жаңалықтар мен әлеуметтік желіні тексеріп шығу;
Жеке жаттықтырушымен жаттығу жүргізу;
Табысты адамдардың таңғы уақытын тиімді пайдаланғанына қарап, жалпы күн тәртібін жасақтауға болады.Мысалы:
• Ерте ояну;
• Таңғы жаттығу;
• Дұрыс тамақтану;
• Оқу, жаңалықтарға шолу жасау;
Бұл әрекеттерді сіз де жасай аласыз. Бар болғаны тырысып көріңіз!