Асыққан мына заманда...

Асыққан мына заманда...

Шыдамсыз адамдар бар шаруаларымды тез-тез бітіріп тастасам екен деп ойлайды. Алайда көп жағдайларда олар өз шаруларын тындырып үлгермейді. Айналысып жатқан ісіне қажетті көңіл бөлмей,  келесі ісі жайлы ойланып отырады... Бұндай өмір сізге таныс па? Ендеше сабырға келіңіз!

Ояна салып жұмысқа асығып жүгіріп кетесіз. Таңғы асқа шай ішкен күндеріңіз де санаулы. Жұмыста ойларыңызды жинақтай алмай, істеуге тиіс істеріңіз жайлы ойланасыз. Түстегі жиналысқа таңмен дайындалып, ойларыңыз қазіргі жұмысты жасауға мұрша бермейді. Ал жиналыста достарыңызбен кешкі отырыс жайлы ойланып, онда да аса белсенділік танытпайсыз.

Шыдамсыздық сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды да асықтырып тұрады. Оны шын ұнатқаныңызды білмей-ақ ұзақ берік махаббатқа кезіктім деп ойлайсыз. Бөтен адамға ерте сене бастайсыз.

Басыңыздағы жоспарлардың бей-берекет шашылуы, болашақ жайлы уайымдар шаруаларыңызды бітіруге, дұрыс демалуға мүмкіндік бермейді.

Бұндай қасіретпен қалай күресуге болады?

Психолог мамандардың айтуынша, бұндай заманауи ауруды тек тыныштық жеңе алады.

  • "Бос" уақыт. Күнделікті белгілі бір уақытты еш жоспарламай, бос қалдырыңыз. Сол кезде ойыңызға келген дүниемен айналысыңыз. Басында бұл уақыт босқа өткен сияқты көрінуі мүмкін. Алайда өте келе сіз бұл уақытты жаныңызға жақын істермен айналысу арқылы өткізе бастайсыз. Далада қыдырыңыз, сурет салыңыз, асыққан қала өмірін сырттан бақылаңыз. Басты мақсат - уақыттан тыс болып үйрену.
  • Тыныштық сақтаңыз. Заманауи адам ылғи телефонмен сөйлесіп, құлақшынмен әуен тыңдауға бейімделген. Жұмыс жемісті болуы үшін, тыныш бөлмеде отырып, артық сыртқы қоздырушы дыбыстардан қорғаныңыз. 
  • Сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне төтеп беріңіз. Компьютерлер, теледидарлар, радио күні бойы көңілімізді өзіне аударады. Олардан шамалы болса да қорғанып, қажетсіз қолданбаңыз. Асықпай отырып ішкен ас немесе досыңызбен бетпе-бет ұзақ әңгіме - шыдамсыздықты жеңе алатын заттар.
  • Салмақты, ұқыпты болуға тырысыңыз. Асыққан адамдар ылғи бір нәрсені құлатып, төгіп, сындырып жүреді. "Асыққан - шайтанның ісі" деген бекер айтылмағын. Қимылдарыңызға көңіл бөліңіз. Әр қимылыңыз ойланып жасалған, алдын ала жоспарланған, сырттан қарағанда әдемі көрінетіндей болсын. Ол үшін би сабақтарына жазылсаңыз болады. Өзіңіздің дәл осы сәтпен байланысыңызды байқаңыз.
  • Ішкі ырғақ сезімін дамытыңыз. Сыртқы табиғаттың ырғағына қарап, өзіңіздің ішкі ырғағыңызды қалыптастырыңыз. Демді алудан бастап күнделікті күнтізбеңізді дұрыстаңыз. Айта кетсек, асыққан адамның басты белгілерінің бірі де осы - қате тыныс алу. Тыныс алу жаттығуларын жасап, оны бір ырғаққа келтіріңіз. Бұған көмекке көптеген спорт түрлері келе алады: теннис, жүзу, жүгіру.
  • Мұқият болыңыз. Асыққан сондай үлкен мәселе де емес, оның басты салдары - алаңғасарлық. Басқа заттарды ойлап отырғанда, отырған жеріңіздегі дүниелерге көңілді жеткілікті бөлмейсіз. Қасыңызда не дегенін, тіпті кім болғанын да ұмытып кететін жағдайлар болады. Ендігәрі өте мұқият болуға тырысыңыз. Әңгіменің әр сөзін түйіп, есте сақтап отырыңыз. Әр ұсақ-түйекті байқап отыруға тырысыңыз.
  • Уақытқа тәуелсіз болыңыз. Мүмкіндік болса, күні бойы сағатсыз жүріп көріңіз. Сағатқа еш қарамай, ішкі интуицияңызға сеніңіз. Жұмыстарыңызды толықтай бітіріп, еш асықпаңыз. Басында көп нәрсе үлгермесеңіз де, артынан уақыт - тек адамның ойындағы абстрактты зат екенін түсінесіз.

Шыдамсыздық оқитын, жұмыс жасайтын, заманауи өмірде толыққанды өмір сүретін әр адамның басынан өтеді. Бастысы уақыттың тұтқынында қалмай, өз уақытыңыздың қожайыны болыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет:cpega.com

С. А