- Негізгі бет
- Психология
- Ашушаңдықтан арылудың 4...
Ашушаңдықтан арылудың 4 жолы
Қазіргі таңда кез келген адам өзінің бақытты екенін, қай істе болсын сабыр танытатынын айтып, мақтана алмайды. Өйткені бойында жағымсыз эмоция басым. Осының салдарынан айналасындағыларды жек көріп, көңілсіз жүреді. Барлығы қиын болып көрінеді. Үнемі ашуланып, мазасызданады. Түбінде жақын адамдарынан айырылып қалуына әсер етеді.
Ашушаңдық немесе мазасыздық – адамның қоршаған ортасына, өзіне немесе жұмысына көңілі толмайтындығын білдіретін реакция. Мысалы, ұйықтауға мүмкіндік бермейтін көршілер, маңызды кездесуге кешіктіретін кептеліс, үнемі ренжи беретін сүйіктіңіз және т.б. Мұндай мысалдың мыңдаған түрін келтіруге болады. Адам өзіне көңілі толмаған сайын ашуланшақ бола береді. Өкінішке орай, ашу іште жинала береді. Нәтижесінде өзіне қол жұмсайды немесе дәрігерге барып емделуіне тура келеді.
Ашушаңдықты қалай жеңуге болады?
Қандай жағдай болмасын, барлығын қабылдай біліңіз. Еш нәрсенің және ешкімнің болмысын өзгертуге тырыспаңыз. Тіпті, интернет дүкеннен киім сатып алып жатып, оны ойша елестете берудің қажеті жоқ. Сіз күткен нәрсе шын өмірде қиялыңызға сәйкес келмей қалса, қатты өкініп, өзіңізді жегідей жей беретін боласыз.
1. Егер ашуланып бара жатқаныңызды сезсеңіз, қызығушылығыңызды немесе жүрген ортаңызды өзгертіңіз. Күнделікті тұрмыста жақын адамдарыңыз бен отбасыңыздың жанында көбірек болуға тырысыңыз.
2. Тәтті естеліктерді еске түсіріңіз. Әлеуметтік желідегі суреттеріңізге қарап, өміріңізде бір кездері болған және бар адамдарды еске алыңыз. Өзіңізді жайлы сезінген уақытқа оралыңыз.
3. Бес-алты жылға алға жылжып, дәл қазір сізді ашуландырып тұрған нәрсе туралы ойланыңыз. Оның болмашы дүние екені соншалық, күлкілі болып көрінуі мүмкін. Ал мұндай болмашы дүниелерге бола мазасыздануға бола ма?
4. Өміріңізді қызыққа толтырыңыз. Сүйікті әуеніңізді тыңдап, тынышталдыратын ваннаға түсіңіз, айнаға қарап, қолыңызда барды қанағат тұтыңыз. Қанағаттың не екенін білген кезде ғана алып мақсаттарға ұмтыла алатынымызды ұмытпаңыз.
Ең бастысы, сіз бақытты болуға лайықсыз!
Қ. Бүйенбай