Әлденеге ренжіген, ашуланған адамға қандай сөздер айтуға болмайды деп ойлайсыз? Көп жағдайда ашулы адамға оның басылуын, мәдениетті болуын сұрап, көңілін көтеретін сөздер айтамыз. Бірақ бұл сөздердің жағдайды тек ушықтыратынын білесіз бе?
Кливленд университетінің психологы Скотт Бианың сөзінше, адамның ашуын басу үшін айтатын сөздеріміздің кері әсер етеді екен.
Енді осы сөздерді талдап көрейікші:
«Болмашы нәрсеге бола уайымдама»
Сіз болмашы нәрсе деп санайтын мәселе ашулы адам үшін өмірінің мәні болуы мүмкін. Көңіл көтеру үшін, бірақ ойланбай айтылған сөзіңіз сол мәселеге күйіп-піскен адамның маңызды деп тапқанын жоққа шығару болып шығады. Бұлай сөйлеуден бұрын оның жан-дүниесін сезіп көруге немесе оның орнында өзіңіз не істейтініңізді ұғып алыңыз. Оның орнына тіпті бұл жағдай бұған дейін болғанын, бірақ сол кезде қатты ашуланбағанын айтыңыз. Ашу шақырудың орнына осындай сөздер көмекші бола алады.
«Бір ашуыңды бер»
Адам ашуға берілгенде оны басуға, оның айтқысы келгенін тыңдамауға болмайды. Адам сіздің «басыл» немесе «бір ашуыңды бер» дегеніңізге қуана келісе салар еді, бірақ адамда заңды түрде болатын ашу эффектісі мұрсат бермейді. Эмоционалдық жағдайды бақылау қиынның қиыны. Стэнфорд университетінің психиатры Кейт Хамприс адам ашуланғанда оған бірге белгілі бір іспен айналысуға ұсыныс жасау керек дегенді айтады. Мәселен, саябақта бірге серуендеу ең жақсы әдіс.
«Жаса!», «Істе!»
Көпшілік жағдайда мұндай сөз адам әлденеден қорққанда айтылады. Біреу биіктіктен қорқатын болса оның ашуына тиетін «жаса», «істе» деген жауыр сөзді айту қателік болып саналады. Себебі қысым көрсету арқылы немесе мазақтау (салыстыру) адамның қорқынышын үдетіп, жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Хамприс бұл жағдайда адамға «мұндай жағдайға тап болғаның өкінішті» деп айту керек дейді. Бұл сөзді естіген адам өз эмоциясын бақылап, басқаруға дағдыланады екен.
«Бәрі де жақсы болады»
Әбден жауыр болған осы сөзді айтсаңыз адамды ешқашан да тыныштандыра алмайсыз. Негізгі себебі бұл сөзіңізге серігіңіз сенбейді. Не үшін барлығы жақсы болады? Еш негізсіз айтылған тұжырым бастапқыда адам көңілін басуы мүмкін, бірақ жағдайды қайта бір ойлап алған соң оның ашуы екі еселенеді. Ал Бианың сөзінше, ашуланған я қорыққан адаммен бірге бар жағдайды бастан өткеру немесе түсіне білу пайдалы екен. Сондағысы – егер адам көңілі алаң болса оның жағдайын барынша түсініп, қолғабыс ету дұрыс деген сөз.
«Менде де болған»
Бұл әдіс те әбден ескіріп, ешкімнің де көңілін баса алмайды. Егер дәл сіздің басыңыздан бұрынырақта өткен оқиға досыңыздың басынан өтіп жатса оны сипаттап, ақыл айтудан аулақ болыңыз. Депрессияның адамдарға тез тарайтынын білетін болсаңыз, ашуланған адамды тез түсініп, оның көңіл-күйін шын ұғынасыз. Бірақ онымен бірге қайғыға берілуге я ашулануға болмайды. Бұл жағдайда да көңіл көтеретін істермен бірге айналысу керек.
«Су іш»
Бұл тіптен қатерлі сөз. Арақ ішіп алып, өткеннің барлығын ұмытып кету нағыз өтірік. Арақ – бұл жауапкершіліктен қашу, тіпті кейде мәселені ушықтыру болып саналады.
«Мен не істеп қойдым?»
Жақын адамының көңілі жоқ болса – адамға ең қиын жағдай осы. Егер серігіңіз ашуланып жатса бір айыпты бола қалудан аулақ болыңыз. Мәселенің мән-жайын білмей жатып «Мен бірдеңе бүлдірдім бе?», «Мен не істеп қойдым?» деп сөз бастау қателік. Қандай жағдай болмасын, бірінші айыптыны іздемей, мәселенің неден ушыққанын анықтау керек. Адамға ең керемет көмек арқасынан қағып жылы сөздер айту, қолдайтыныңызды жеткізу.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Дереккөз: diary.ru
Сурет: vk.com