Ашудан тыйылу әдістері

Ашудан тыйылу әдістері

Ашуланған сәтіңізде тезден тиылуға тырысыңыз. Соңы үлкен өкінішке соғуы әбден мүмкін. "Ашу - дұшпан, ақыл - дос" дегенді ұмытпаңыз ешқашан. 

***

Уақытты созуға тырысып, онға тіпті отызға дейін сан санаңыз.

***

Ашуландырған адамнан алшақтай түсуге тырысыңыз. Уақыт қана емес, мұндай сәтте ара қашықтық та емдейді. Жаяу жүріп, жаттығу жасаңыз.

***

Егер ештеңені өзгерту мүмкін болмаса, сол қалпында қалдырыңыз.

***

Даулы мәселені келте қайырыңыз. Шешемін деп әуреленбеңіз. Оны шешуде қызбалыққа салынбаңыз.

***

Тыңдаудан қашпаңыз. Менің қателесуім мүмкін ғой деп, қарсыласыңыздың сөзін байыппен соңына дейін тыңдауға тырысыңыз.

***

Сүйіктіңізге ашуланған кезде оны құшақтауға тырысыңыз. Мейлі қаламасаңыз да осылай істеуге дағдыланыңыз.

***

Қателескеніңізді сезінсеңіз, кімнен болса да арланбай кешірім сұраңыз.

***

Қандай жағдайда да қолды бір-ақ сілтеп, теріс бұрылмай, оның көзіне тура қараңыз.

***

Ашу-ызаға жол берген, қателікке бой алдырған соң дереу өзіңізге есеп беретін болыңыз. Екі-үш күн ішінде өз ісіңізден дұрыс қорытынды жасай біліңіз. Бұл сіздің келесіде қайталамауыңызға үлкен септігін тигізеді.

***

Біреуден көмек, ақыл сұрауға еш намыстанбаңыз. «Жаяудың шаңы шықпайды» деген халық даналығын есте сақтаңыз.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек