- Негізгі бет
- Психология
- Арыстан үйрету өнері...
Арыстан үйрету өнері
Күйеуінің өзіне назар аудармайтындығы, қатты жақсы көрмейтіндігі себепті ойы он саққа кеткен бір әйел үлкен ұстазға барыпты. Ол ұстазға бар мән-жайды айтып, өзіне көмектесуін өтінеді. Ұстаз: «Көмегім тиер-тимесін білмеймін, бірақ сен менің айтқаным бойынша істейсің. Сен бүгін қайта бер, екінші рет келгеніңде маған арыстанның жалынан үш тал қыл әкеліп беруің керек, сонда мен саған қалғанын айтамын» дейді.
Олар үлкен таулы, орманды алқапта өмір сүретін. Ауыл маңынан арыстанның күркірін үнемі естіп жүретін еді. Оның жалынан қылшық алмақ түгілі, ауыл тұрғындары дауысты естіген кезде, жүректері дірілдеп кететін. Әйелдің оған қалай батылы барсын?! Дегенмен, отбасындағы еркектің жүрегін жаулау жолында ол барлық құрбандықты беруге дайын еді. Әйел бір амал ойлап тапты.
Екінші күні таңертең ерте тұрып, қорадағы ең кішкентай қозыны ауыл маңындағы орманға кіргізіп жіберді. Үшінші күнді де солай істеді. Ол әр күні осылай істеп жүрді. Көп өтпей, ол арыстанның сол арада өзін күтіп жататынын сезді. Арыстан әйелге үйір бола бастады. Арыстанның қасына келіп, жалынан, тамағынан сипап кетіп жүрді. Әйел әр күні таңертең сол орынға барып, арыстанның басынан сипап, мойнынан құшақтап, аз-кем отырып қайтып жүрді. Арыстанның өзіне деген сеніміне әбден көзі жеткен соң, ол үш тал қылшық жұлып алды да, ұстазға апарды. Әйелдің әсерленгені соншалық, бәрін баяндап болған соң, бұл қылшықтар арқылы не істейтіндігін сұрады.
Ұстазы күлімсіреп, басып көтеріп: «Арыстанды бағындарған амалыңмен енді күйеуіңді бағындыр!» дейді.
Жақсы, игі пейілде болу адам түгілі арыстанның өзін де қолға қондырады. Істеуге келмейтін, жүзеге асыруға болмайтын қиын шаруа жоқ. Тек жөнін келтіріп, адал ниетпен атқару керек. Айналадағының бәріне ақ жүрекпен мәміле жасасаңыз, олардың барлығы сіздің орналастыруыңыз бойынша жүретін болады.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: chenguixiang.com
M. Auelkhan