Арыңыз мазаласа...

Арыңыз мазаласа...
Фото: keywordteam.net

Өкінішке орай, барлық адам ар-ұятының тазалығымен мақтана алмайды. Ары мазалайтын кейбір жан түнімен тыныш ұйықтай алмай шығады. 

Сізді біреу ренжітсе, оны кешіре алмасаңыз, өз-өзіңізді дұрыс емес ісіңіз үшін кінәласаңыз, қорқып, әлсіздік танытсаңыз, т.б. жағдайда арыңыз сізді мазалайды. Әр адамның әлсіздігі әртүрлі. Ар-ұяттың өзі мағынасы мол түсінік. Уильям Джеймс атты ойшыл 19 ғасырдың соңында ар-ұятты 3 түрге бөлген. 

Эмпирикалық эго. Ар-ұяттың осы түрі адамды тұлға ретінде анықтайды. Біздің өз-өзімізге берер бағамыз, талғамымыз, пікіріміз эмпирикалық эгоға жатады.

Таза эго. Ар-ұяттың бұл түрі санамыздың бір түкпірінде болып жатқан жайттан хабар береді. Олай дейтініміз, біз көбіне бейсанамызда не болып жатқанына мән бермейміз. Өмірімізде бірдеңе дұрыс болмағанда оянатын ішкі дауыс таза эгоға жатады.   

Құбылмалы эго. Әр адамның өмірі тосын сыйға толы. Кез келген жан үшін өзіндік өмірлік құндылық болады. Бірақ ой уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін. Бірақ өзіңіз өмірлік құндылық деп бекіткен нәрсе сізге көбіне дұрыс жолды нұсқайды. 

Ішкі дауысты не үшін тыңдауымыз керек? Уильям Джеймс бұл сұраққа да жауап іздеген. Ойшылдың айтуынша, ар-ұят – біздің бір бөлігіміз. Ары мазалаған адам шалыс қадам басса да, ендігі әрекетін ойланып жасайды. Ар-ұят бізді теріс жолдан сақтайды. Ар-намыстың арқасында өмірдің ақ пен қарасын ажыратамыз. Егер сізді арыңыз мазаласа, ішкі дауысыңызды мұқият тыңдап, өз-өзіңізге үңіліңіз. Келер күннен бақыт күтіп, тек жақсы қадамға баруға тырысыңыз. 

Р. Роза