- Негізгі бет
- Психология
- Арықтау қарым-қатынастың бұзылуына...
Арықтау қарым-қатынастың бұзылуына әкеле алады
Ғашықтар арасындағы нәзік қарым-қатынасты абайсызда айтылған сөз, ұсақ-түйектер үшін ұрыс немесе... арықтау бұза алады екен. Бұл шешімге жақында зерттеу жүргізген Америка ғалымдары келіп отыр.
Солтүстік Каролина Университетінің ғалымдары жұптың бір мүшесінің байқарлықтай арықтауы олардың қарым-қатынасына түрліше әсер ете алатындығын дәлелдеді. Ғалымдар тобын бастаған Линси Ромо: "Жұптың арасында біреуінің арықтауы жұп болашағы үшін жақсы да, жаман да бола алады. Бұл жерде ғашықтардың қарым-қатынас пен бірін бірі түсінуі өте маңызды," – дейді.
Артық салмағы бар кісілердің арықтауы оның жарымен қарым-қатынасын жақсартады деп ойлаймыз. Алайда соңғы жыл ішінде бір мүшесі кем дегенде 13 килограммға арықтаған 21 жұптың арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, ғалымдар жұп арасында қатынас жақсара да, бұзыла да алады деген пікірге тоқталды.
Арықтап жүрген кісі өз жарына салауатты өмір салтын дәріптеген жұптарда қарым-қатынас әлдеқайда жақсарыпты. Ғашықтар бір-бірімен ашық тілдесіп, бір өмір салтын ұстанып, нәтижесінде физикалық жағынан да, рухани жағынан да жақындай түскен.
Ал артық салмақ тастаған кісі өз жарына наразылығын білдіріп, оның да арықтауын талап еткен жағдайда қарым-қатынас құртыла бастайды екен. Ғашықтардың бір-біріне деген қызығушылықтары төмендеп, аралары суыған. Жұптағы арықтамай жүрген кісі өз жарына әдейі майлы, қуырылған тағамдар дайындап, арықтауын жоққа шығарғысы келген екен.
Ғалымдар бұл жүргізген зерттеулері ешкімнің де арықтауға ниетін кемітпеуі керек деп айтып отыр. Керісінше арықтаймын деп жүргендерге бұл іске өз жарын қосып, нәтижесінде артық салмақ құртып, жұптағы қарым-қатынасты да берік қылуға болады дейді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: govacounseling.com
С. А