Қазіргі таңда артық салмақтан арылғысы келіп, адам айтса сенгісіз диеталарды ұстап, түрлі ауруға тап болған қыздардың саны өте көп. Әрине әдемі болып көрінген жақсы, бірақ ең бірінші денсаулықты ойлаған дұрыс. Сол себепті біз бүгін қыз балаларға арналған тиімді әрі пайдалы, қарапайым кеңестерді ұсынғымыз келіп отыр.
1. Ұйқыңызды қандырыңыз.
2. Денсаулығыңызды күтіңіз.
3. Сорпаны сүйіп ішіңіз.
4. Спортпен шұғылданыңыз.
5. Жақсы кітаптар оқып, миыңызды жаттықтырыңыз.
6. Жүдеу модельдерге қызықпаңыз.
7. Темекі және алкогольді сусындардан аулақ болыңыз.
8. Жатар алдында тамақ жемеңіз.
9. Орташа мөлшермен күніне 4-6 рет тамақ ішіңіз.
10. Суды көп ішуге тырысыңыз.
11. Ұйықтар алдында кефир ішіңіз.
12. Таңғы асты тастамаңыз. Ботқа секілді пайдал тағамдарды тұтыныңыз.
13. Компьютердің және теледидардың алдында тамақ ішуді қойыңыз.
14. Өміріңізді тозаққа айналдыратын қысқа мерзімді диеталарға жоламаңыз.
15. Айналаңызға, қоршаған ортаңызға мейіріммен қараңыз.
16. Күйзеліс кезінде шоколад жеп әуре болмай-ақ қойыңыз.
17. Кешке қарай серуендеуге шығыңыз, жаяу жүріңіз.
18. Күн сайын жылы себілге түсіңіз.
19. Тек қана дәмді әрі сапалы тағамдарды алыңыз.
20. Қандай жағдай болса да, күліп жүруге тырысыңыз.