Арманыңыздағы аруды жолықтыру үшін

Арманыңыздағы аруды жолықтыру үшін
Фото: tengrinews.kz

Кейде сіз күткен адам жолықпай сізді әуреге салып қояды. Сондықтан, біз сіздерге арманыңыздағы қызды жолықтыруыңыз мүмкін деген орындарды көрсетеміз:

Ғаламтордан
Бүгінгі заманның айқын көрінісі – ғаламтор арқылы танысу. Ғаламтор арқылы танысып, сөйлесіп, отбасын құрып жатқандар бар. Бірақ, мұндай жағдайлар өте сирек.

Дегенмен, бұл ол жерден сүйгеніңізді кездестірмейсіз деген сөз емес. Сондықтан, танысу сайттарына, әлеуметтік желілерде өзіңіз туралы ақпарат қалдырыңыз. Мүмкін, сіз күткен күн туып қалар...

Түрлі клубтардан
Жиі тақырыптық клубтарға барып тұрыңыз. Мысалы, кітап оқығанды жаныңыз сүйсе, қалаңызда ұйымдастырылатын кітап клубына мүше болыңыз. Одан бөлек, би сабақтарына барыңыз немесе кітапханаға барыңыз. Адамдармен араласқан сайын, ойыңыздағы аруды кездестіру мүмкіндігіңіз артпақ.

Спортзалдардан:
Жаттығу залына баратын болсаңыз, түрлі сымбатты нәзік жандыларды жолықтырасыз.

Сонымен  қатар, қыс – қыздармен танысуға таптырмас уақыт. Өйткені, студенттер жиі сырғанақ тебуге жиналады.

Мерекелік концерттерден:
Мұндай мерекелік концерттерде адамдардың көңіл-күйі өте жоғары болады. Сондықтан, олардың адамдармен араласу мүмкіндігі артады. Сондықтан, жақын араласатын достар, адамдар бір-бірін жиі музыкалық кештерде тапқанын айтады.

Дегенмен, өмірдің мынадай заңдылығын естен шығармаңыз: Барлық жақсылық күтпеген жерден болады. Сіз күні-түні іздесеңіз де жолықтырмауыңыз мүмкін. Сондықтан, кейде іздегеннен гөрі, қолайлы сәтті күтіп жүре берген де дұрыс.

Т. Есқали