Осы өмірде саған арналған жігіт қалмаған шығар деген ой келе ме? Немесе қолыңда барларға көңілің толмай ма? Өзіңе “Жақсы жігіт табу үшін не істеуім керек?” деген сұрақтарды жиі қоясың ба? Ол үшін бәрін өзіңнен бастауың керек.
Өзіңе керекті адамды көре білу оңай емес. Айналада сенің идеалыңа сай келетіндей жасандылар өте көп және де сен өзің де идеалыңды кездестіруге әрқашан дайын бола бермейсің. Сондықтан көңілің қалып, алданып қалмас үшін біраз жұмыс істеу керек. Ең әуелі – өзіңмен.
1. Өз-өзіңді алдама
Сонымен сен жақсы жігітті кездестіргің келеді. Мұны мойындаудан қашпа. Махаббатыңды іздеу – қиын іс, бірақ қай уақытта да оны бастау керек. Егер сен өз-өзіңе бақытыңды тапқың келетініңді мойындасаң, бұл сенің жолың болмайтын қыз немесе жігіттердің саған жоламайтынын білдірмейді. Бұл сенің ер жетіп, ақыл тоқтатқан тәжірибелі екеніңді білдіреді.
2. Басқаларды да алдама.
Айналаңдағылармен сөйлескенде өзіңнің тәуелсіз және өз-өзіңе жетікілікті екеніңді сызып айтпа. Саған ешкім де керек емес сияқты түрді көрсетпе. Достарыңмен өзіңе лайық жігітті іздестірудемін деп ой бөліс. Оларға өз орталарынан саған лайық деген жігітті іздестіріп көрулерін сұра. Ал сосын қонаққа шақырып, тосын кездесу ұйымдастыруға да болады.
3. Өз өміріңе талдау жаса
Өзіңнің бақытты болуың үшін не керегін және өз жігітіңе өміріңнің қанша бөлігін сыйлайтыныңды білмейінше – оны табу қиынға соғады. Мынадай бір тәсіл қолданып көр. Бір қағаз алып шеңбер сыз да, көз мөлшерімен бірнеше секторларға бөл. Бір сектор сенің өміріңде карьераның алатын өлшеміне сай келу керек, келесісі – жігітіңе арнаған өлшемнің орны, үшіншісі – қызығушылықтарыңа, сосын хобби секторын белгіле, достарыңа арналған сектор, және тағы да басқа өзіңнің қалауың бойынша бөлімдер. Бұл жай ғана диаграмма өзіңе басқа көзбен қарауға көмектесіп, артықшылықтарыңды көрсетеді.
4. Өзіңе қандай жігіт керек екенін шамала
Саған керек жігітте ең бастысы қандай қасиеттер болу керек, қандай қасиеттерін сен көтере аласың, ал қандай жаман қасиетіне шыдай алмайсың, соны шешіп ал. Егер идеалыңды еш суреттей алмай жатсаң, бір қағаз алып үш графаға бөл. Өзіңе таныс қасиеттерді алып, тізімге сәйкесінше ретімен жаз. Басыңда әр уақытта осы қасиеттерге ие адамның бейнесі жүрсін. Сонымен қатар, бұл қатып қалған тізім емес екенін ұмытпа, жағдайға байланысты өзгерістер енгізіп отыруыңа да болады.
5. Стереотиптерден құтыл
Бірнеше этаптардан кейін “әдемі және бай” деген міндетті түрде “ақкөңіл, сені шексіз сүйетін және сенімді” болып шықпайтынын түсінесің. Мүмкін, сені шексіз бақытты ететін жігіт олигархтан гөрі есепшіге ұқсайтын шығар. Егер бұрынырақта аздап “шашы түскендер” сен үшін сұмдық нәрсе болса, бертін келе бұл процесс ерте ме, кеш пе көптеген еркектерді қамтитынын түсін. Өзіңнің сары немесе жұқа ерінді жігіттерге деген жеккөргіштігіңмен күресу үшін адамның сыртқы келбеті бойынша қандайына “жоқ” деп айта алатыныңды шешіп ал. Сондай бір жігіттің келбетін салып көр. Енді осы бір адам сені көлік апатынан құтқарып қалғанын немесе саған миллион раушан гүл сыйлағанын елестетіп көр. Сары жігіттерден бірінші “адамды” көруге тырыс, содан кейін ғана келбеті екенін ұмытпа.
6. Өткен өміріңді өзіңе жұмыс істет
Барлық “бұрынғыларың” әркез сені тастап кететін бе еді? Ауыртпашылық пен көңіл қалушылық – сенің кез келген романдарыңның сөзсіз атрибуттары деп ойлайсың ба? Мынаны ескер: барлығымыздың да күйініш пен мұңға толы жүгіміз бар. Өткен қорқыныш пен қатып қалған стереотиптер ары қарай өмір сүруге кедергі болмас үшін оларды өзіңнің жақтасың етіп алу қажет. Өткен қателіктердің арқасында болашағың үшін жақсы сабақ алуға тырыс. Өзіңнің соңғы қатынастарыңа талдау жаса. Егер соларда, мысалы, сенімсіздік, түсініспеушілік, қызғаншақтық сияқты ортақ сарын көрсең, осы сценарийлер қайталанбас үшін өзіңде нені өзгерте аласың – соны түсініп көр. Мүмкін бұл жайлы психологпен де ақылдасып көрерсің?
7. Өз-өзіңді сүй
Өз-өзіңді сүй. Бұл үшін жұмысқа бара жатып “Мен ең әдемімін, ең көріктімін” деп қайталау қажет болса да. Өзіңе саған шексіз ғашық жігіттің көзімен қарап көр. Саған бетіңдегі иірімдерің ұнамай ма – жақсы көр. Бетіңнің барлық әдемілігі сол иірімде деп ойла. Тісінің ортасындағы саңылауды өзінше бір сексуалды тартымды етіп қойған Мадоннаны еске алшы. Немесе ернінің үстінде меңі бар Синди Кроуфордты. Кішкентай айнада келбетіңді бөлек-бөлек қара – әр қатпаршағыңды, әр меңің мен иірімдеріңді жақсы көруге тырыс. Өз-өзіңді сүюден ұялма. Өйткені дәл солай саған жігіттердің қарағанын қалайсың ғой.
8. Өзіңе жаңалық аш
Егер сен өміріңе риза болып, жаңа әсерлерге ашық болсаң, бұл бірден айналаңдағыларға біліне бастайды. Жылдар бойы істемей, тастап кеткен жұмыстарға кіріс, мысалы гүл отырғыз немесе қайың суын теру үшін қала сыртына шық. Бұрыннан армандап келе жатқан істермен айналыс – фотоаппарат сатып алып өзіңді репортер сезін, үнді немесе фламенко би курстарына жазыл. Бұл қызық емес деп ойласаң, экстремалды спорт түрін аш – дельтапланмен ұшу немесе сарқыраған өзенде салмен түсу деген сияқты. Адреналин өмір сүру құмарлығын оятады, бұл болмысты тартымды етеді.
9. Үйде отыра берме
Үйде отырып жігіт табамын деп ойлама. Подъезд тұрғындарының жиналысына болсын, немере сіңлілеріңнің үйіне жексенбілік қыдырыс болсын – шақырған жерден қалма. Адамдармен сөйлесуге болатын сылтаулардан бас тартпауға тырыс. Бұл жолмен сен өзіңнің тағдырың болатын адаммен жолығу мүмкіндігін арттырасың. Шетте қарап тұрма, сонымен қатар күштеп сөйлесу де қажет емес. Жай ғана өз-өзіңмен бол және де өзіңе қызықты адамдармен әңгімелес.
10. Ғажайыпқа сен
Есейе келе, бақыттың аспаннан салбырап түсетініне күмәнді болып қалғандаймыз. Ал бұл бекер. Өйткені ең керемет, ғажап, фантастикалық сәттер кез келген жерде, кез келген уақытта болуы мүмкін: ертең таңертең, демалыс күндері, келесі аптада – ешкім қашан болатынын білмейді. Бірақ болатынына сен.
11. Басқалардың қателіктерінен сабақ ал
Өзіңе теріс тәжірибе жеткіліксіз деп санайсың ба? Егер де жеткілікті десең де реніш пен ауыртпашылықтың арқасында өзіңнің қателіктеріңді байқай алмауың мүмкін. Сондықтан құрбыларыңның қателіктерінен, басқа бір әйелдердің естеліктерінен және танымал адамдардың өмірінде болған жайттардан үлгі алып, қателіктерінен сабақ алу керек. Сәттіліктері мен сәтсіздіктеріне анализ жасап көр. Сенің ойыңша, кейіпкер әйел нені дұрыс жасады, керісінше қай жерде қателескенін жаз. Өзіңді соның орнына қойып, сен қандай шешім қабылдайтыныңды ойланып көр. Жауап жұбанышты болмауы да мүмкін. Ең бастысы өзіңнің жауаптарыңа адал болу шарт – сонда ғана өміріңде басқа адамдардың қателіктерін болдырмауға тырысасың.
12. Еркектерді танып-біл
Тек қана әйел адамдардың қызықтары мен әуестерінде ғана тұйықталып қалма. Тартымды болу үшін маусым сән үлгісінің барлық үрдісі мен косметологиядағы жаңалықтарды біліп жүру жеткіліксіз. Жігіттің алаңында да ойнай білу керек. Сол үшін ең үздік және болашағы зор футболшы туралы немесе автомобиль өндірісінде қандай жаңалықтар болып жатқандығы туралы хабардар бол. Спорт жаңалықтарын көр, жаттықтыру залдарына бар, компьютерлік курстарға жазыл және автомобиль айдаудан 2-3 сабақ ал. Міндетті түрде жанкүйер немесе программист болып шығу емес – жай ғана “жігіттерше” бір-екі сөз оның саған деген қызығушылығын арттырады. Ал сен еркектердің өмірі жайлы біраз хабардар боласың.
13. Жетістікке қол жеткіз
Егер сен әлі де тамаша мансапқа қол жеткізіп немесе Голливуд жұлдызы атанбасаң – еш айыбы жоқ. Өз қалауыңның ең мықтысы болуға тырыс. Шаш әрлендіруден немесе сөз жұмбақ шешуден байқауларға қатысып, жеңуге тырыс. Жетістік – тартымдылықтың ең күшті факторы. Бұл байқау жайлы ешкім естімесе де, жеңіс саған өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады, ал бұл айналаңдағыларға әсер ететінін ұмытпа.
14. Өткеніңді қолға ал
Өзіңнің студент шақтарыңды немесе мектептегі алғашқы махаббатыңды еске ал. Сенің ойыңша, бұл алтын кездер ме? Ең жақсы сәттеріңді өткізген ескі достарыңа хабарласып, жағдайларын біл. Олармен айтылатын ортақ әңгіме көп. Алғашқы махаббатың үйленіп, көп балалы болып кетсе де, сен жай ғана ескі жолдасыңмен әңгіме-дүкен құрасың. Егер отбасын құрмаған болса ше – мүмкін болашағың оның қолында шығар? Бәрі де мүмкін…
15. Бағдарыңды өзгерт
Сен күн сайын бір ғана жолмен жұмысқа барасың, бір автобусқа отырып, күнделікті бір дүкенге кіресің. Өзіңнің күн тәртібіңді өзгерт, жұмысқа барар жолдың басқа бір жолын таңда, 1-2 аялдама жаяу серуенде немесе сауда жасауға орталыққа аттан. Мұны әрдайым істеп тұруға тырыс, мысалы 2 аптада бір рет. Біріншіден, бұл зерігуден құтқаратын жайлы және әсерлі тәсіл. Екіншіден, мүмкін сенің арманыңдағы жігіт екі жыл бойы параллель көшеде жүріп-тұрып жүрген шығар…
16. Момындықтан құтыл
Сәттілік сенен әрдайым жаныңнан өтіп кетеді деп ойлауға уақыт құртатындай өмір қысқа. Сен ең жақсыға лайықсың: ең жақсы қарым-қатынасқа, ең қызықты әңгімеге, ең еліктіргіш сауық-сайранға. Ескі, өзіңе ұнамайтын киімдеріңнен айырыл, өзіңе қызықсыз сұхбаттарды қоштама, залдан шығуға ұялып, қызықсыз фильмдерді соңына дейін көріп отырма. Өміріңді “екінші дәрежеліктен” тазарт. Сонда ғана “ең” деген заттарға орын босайды.
Өз өміріне және өзіне көңілі толатындарға ғана бақыт келеді. Сондықтан, өз өміріңе риза болуды үйрен, өзіңнің сәттіліктерің және жетістіктеріңмен өмір сүр, артықшылықтарыңды көре біл. Жігіттердің көмегінсіз-ақ бақытты бола алған кезде ғана сен ОНЫМЕН кездесуге дайын боласың!
Сурет design-warez.ru сайтынан алынды