- Негізгі бет
- Психология
- Армандаудан жалықпаңыз...
Армандаудан жалықпаңыз
Әр адамның игі істер жасауға, армандауға жетелейтін сүйікті нақыл сөздері болады. Оларды оқыған сайын қанаттанып, алып істерді тындыруға ұмтылады.
Мен әрдайым барлық мақсатыма қол жеткізу туралы армандайтынмын.
Гомер Симпсон
Бұрын-соңды ие болмаған затыңызға қол жеткізгіңіз келсе, жасап көрмеген іспен айналысыңыз.
Ричард Бах
Бір нәрсені жан-тәніңізбен қаласаңыз, бар әлем көмекке келеді.
Пауло Коэло
Армандар күдік жоқ жерде ғана орындалады.
Александр Дюма
Үнемі армандай беретін болсақ, шындықтың өзі өтірікке айналар.
Белгісіз автор
Еш уақытта арманыңыздан бас тартпаңыз.
Пауло Коэло
Арманы жоқ халықтың – болашағы жоқ.
Джон Фицджеральд Кеннеди
Арманына сенетін жандар ғана биік шыңды бағындыра алады.
Шарп Джеймс
Анам: «Сарбаз болуды армандасаң, міндетті түрде генерал боласың; тақуа болуды қаласаң, Рим әкесінің өзі боласың», - деп айтқан.
Пабло Пикассо
Арманының әсемдігіне сенетін жандар ғана болашақтың кілтіне ие болады.
Элеонора Рузвельт
Арманыңыз өзге бір адамдыкімен бірдей болғандықтан, орындалмай жатқан болар. Оның орындалуы үшін тағы да тырысып көріңіз.
Белгісіз автор
Армандар мақсаттың күртесін жамылған кезде ғана орындалады.
Белгісіз автор
Бастықты өлтіру?! Америкалықтардың арманын орындауға қауқарым жете ме?
Гомер Симпсон
Армандаудан жалықпаңыз!
Сурет: Алексей Балышев
Қ. Бүйенбай