Алты жасынан ат жалын тартып мінген қыр баласы бүгіндері армандай ма? Мені сол сұрақ мазалайды. Айналамыздағы небір ғажап дүниелердің барлығы сол армандаудың арқасында жасалды емес пе? Бұл сұрақтарға дәл жауап беру үшін нақты статистикалық зерттеулер жүргізу керек шығар. Алайда, айтайын дегенім бұл емес, балалар мен ересектерді армандауға жетелейтін бірнеше тәсіл. Жақында отандық Mini журналын парақтап отырып Inspiration зергерлік бұйымдар салонының басшысы Әсел Зои таңғажайып туралы ойымен бөліскен мақаланы оқыдым. Сіздер де армандаудан жалықпаңыздар деген ниетпен мақаланың аудармасын ұсынуды жөн көрдім:
Жақында мектепте ойымызға, ойымыздың күшіне сендіретін пәннің жоқтығы туралы көп ойландым.
Мемлекет өз жұмысын жеңілдетіп, біздерді бала күнімізден армандауға үйретеді. Мүмкін сол кезде мақсатымызға жиі қол жеткізер ме едік. Артық іс те болмайтын еді.
Бойымызда бұл қасиетті арттыра түсетін тәсілдер көп еңбекті қажет етпейді. Біз балаларымызбен бірге бұл қарапайым ережелерді үнемі орындаймыз:
1. Бұлттарға немесе асфальттегі ойықтарға қарап адамдардың, заттардың, түрлі жануарлардың бейнесін көреміз. Бұл қиялды дамытып, қарапайым заттардың да сұлулығын көруге үйретеді.
2. Әркез қыздарымызбен бірге жаңа жерге барғанда, жаңа адаммен танысқанда, балмұздақтың жаңа түрін татып көрген кезде арман-тілек айтамыз. Жақсылықты еске түсірудің тағы бір тәсілі.
3. Мұнымен қатар арман картасын жасаймыз. Қолымызға ватман алып оған журналдан алынған аффирмацияларды, суреттерді жабыстырамыз. Бұл позитивті аффирмациялар үйдің ішіне ерекше жылылық сыйлайды. Ватмандағы суреттерге қарап, күнделікті арманымызға бір қадам жасаймыз, жоспар құрып, мақсатымызға ұмтыламыз. Сенбеуіңізге болады, бірақ біз ойлағанның барлығы ерте ме, кеш пе орындалады. Дәл қазір қанша жаста екеніңіз, білім дәрежіңіздің қандай екені маңызды емес. Бар болғаны таңғажайыптарға сенетін балалық шағыңызды еске түсіріңіз. Ең қарапайымынан бастаңыз, сол кезде барлығы да орындалады.
Ал Сіз армандайсыз ба?
Сурет: @massaget.kz