Махабатты әркім әрқалай түсінеді. Бірі үшін майдан әлемі, бірі үшін мәңгілік нәзіктік. Сіздің ойыңыздағы махаббат қандай? Сазгердің махаббат жайлы түсінгені:Бір жүректе екі махаббат өмір сүре алмайды.Бір кеңістікте екі түрлі әуенді ойнауға болмайтыны сияқты.Аспаздың махаббат жайлы түсінгені:Сорпа мен махаббат ыстық кезінде дәмдірек болады.Бірақ тым ыстық болса күйіп қалуың мүмкін.Антропологтың махаббат жайлы түсінгені:Егер мен аустралопитек болсам, енді ғана пайда болған қос қолыммен сені құшақтап, хомо-эректус болсам сенің түніңе отпен жарық сыйлап, хомо-сапиенс болсам жанымды шүберекке түйіп сен үшін аң аулар едім.Электротехнологтың махаббат жайлы түсінгені:B=kI/r (магниттік өріс пен қашықтық кері пропорционалды) деген формуланы махаббат теріске шығара алады.Сен қанша алыста болсаң да менің махаббатым әлсіреген емес.Бағбанның махаббат жайлы түсінгені:Тилландсияға үш күнде бір рет, гринсуанға айына бір рет су құю керек. Егер керісінше істесеңіз, тилландсия қурап қалады да, гринсуан шіріп кетеді. Махаббат дегеніміз - ол адамға не керегін түсіну.Астрономның махаббат жайлы түсінгені:Оның өмірі көктемгі Арктур жұлдызындай жарық шашқан кезде де, күзгі Алиса жұлдызындай көмескі тартқан кезде де, ол менің көзіме әрдайым сәулесі сөнбейтін Сүмбіледей көрінеді.Ақынның махаббат жайлы түсінгені:Сенімен бірге өткізген күнім Джон Китстың өлеңіндей сезімтал, сенсіз өткен сағатым Феогнидтің жырларындай мұңға толы. Дереккөз: Just Passsion тобы