- Негізгі бет
- Психология
- Әркімнің түсінігіндегі махаббат...
Әркімнің түсінігіндегі махаббат
Махабатты әркім әрқалай түсінеді. Бірі үшін – майдан әлемі, бірі үшін – мәңгілік нәзіктік. Сіздің ойыңыздағы махаббат қандай?
Сазгердің махаббат жайлы түсінгені:
Бір жүректе екі махаббат өмір сүре алмайды.
Бір кеңістікте екі түрлі әуенді ойнауға болмайтыны сияқты.
Аспаздың махаббат жайлы түсінгені:
Сорпа мен махаббат ыстық кезінде дәмдірек болады.
Бірақ тым ыстық болса күйіп қалуың мүмкін.
Антропологтың махаббат жайлы түсінгені:
Егер мен аустралопитек болсам, енді ғана пайда болған қос қолыммен сені құшақтап, хомо-эректус болсам сенің түніңе отпен жарық сыйлап, хомо-сапиенс болсам жанымды шүберекке түйіп сен үшін аң аулар едім.
Электротехнологтың махаббат жайлы түсінгені:
B=kI/r (магниттік өріс пен қашықтық кері пропорционалды) деген формуланы махаббат теріске шығара алады. Сен қанша алыста болсаң да менің махаббатым әлсіреген емес.
Бағбанның махаббат жайлы түсінгені:
Тилландсияға үш күнде бір рет, гринсуанға айына бір рет су құю керек. Егер керісінше істесеңіз, тилландсия қурап қалады да, гринсуан шіріп кетеді. Махаббат дегеніміз - ол адамға не керегін түсіну.
Астрономның махаббат жайлы түсінгені:
Оның өмірі көктемгі Арктур жұлдызындай жарық шашқан кезде де, күзгі Алиса жұлдызындай көмескі тартқан кезде де, ол менің көзіме әрдайым сәулесі сөнбейтін Сүмбіледей көрінеді.
Ақынның махаббат жайлы түсінгені:
Сенімен бірге өткізген күнім Джон Китстың өлеңіндей сезімтал, сенсіз өткен сағатым Феогнидтің жырларындай мұңға толы.
Дереккөз: "Just Passsion" тобы
Т. Есқали